Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-141757522045 %55 %
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-1643998254 %46 %

ҚАТАРҒА ҚОСАНОВ ҚОСЫЛДЫ | "Айқын" газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 14:50 - 2019/04/27


«Ұлт тағдыры» қозғалысы саясаткер Әміржан Қосановты 9 маусымда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Бұл туралы қозғалыстың Алматыда өткен жиынында белгілі болды. 

«Қоғамдық бірлестік жиын өткізді. Бар­лығы ойларын ортаға салды. Бір адам ғана сайлауға қатысуға қарсы екенін мәлімдеді, қалғандары келісті. Ресми түрде бірлестіктің құрамында емеспін. Бірақ төраға қоғамдық бірлестік атынан мені ұсынатынын айтты. Мен үшін бұл – үлкен мәртебе. Кандидату­рамды барлығы қолдады, бір адам ғана қалыс қалды.
Президенттікке үміткер атанғанымды, егер ОСК-ға тіркесе, мемлекет басшысы лауа­зымы үшін күресетінімді мәлімдеймін», – деді Әміржан Қосанов.
Оның айтуынша, сайлауға түскен кез келген тұлға мемлекеттің мәселелерін айқын білуі тиіс. Егер сайлауда жеңіске жетіп жатса, экономикалық мәселелерді шешіп, пар­тияларды тіркеу жолын жеңілдетіп, парламент сайлауына барлық партияның қатысуына мүмкіндік жасамақ.
«Конституциялық кеңес құрамын, осылай­ша, биліктің тармақталған конституциясына қайта ораламыз. Онсыз демократиялы ел құра алмаймыз. Алғашқы қадамым – конституция­лық кеңес құру болады», – деді ол.
Қағидаттарынан кері шегінбейтінін айт­қан үміткер егер конституциялық реформамен айналысатын билік болса, қолдайтынын жеткізді.

Тұмар МЫРЗА

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=987801
Пікірлер

Көрші сілтемелер