Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-229031842 %58 %

КОММУНИСТЕР АХМЕТБЕКОВКЕ СЕНІМ АРТТЫ | "Айқын" газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 14:25 - 2019/04/27


Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы кезектен тыс XІV съезін өткізіп, 2019 жылдың 9 маусымында өтетін президент сайлауына кандидат ретінде Жамбыл Ахметбековті бекітті. Съезд қатысушыларына өзіне сенім артқаны үшін алғыс білдірген Ж.Ахметбеков партия мақсат еткен бағдарламаны жүзеге асыруға барын салатынын мәлімдеді.
Съезд қатысушыларына «Қоғам игілігі үшін адал еңбек» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Оның айтуынша, Қазақстан – бай мемлекет. Егер ел байлығын дұрыс пайдалана алса, халықтың өмір сапасы Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері немесе Норвегиямен теңеседі. Кандидат шолу жасап өткен коммунистердің тұғыр­намалық бағдарламасы алты тарау­дан тұрады. Халықшыл ком­му­нистер бірінші кезекте батыстың жалған құндылық­тарының ық­палынан бас тартуды көздейді. Себебі, ол қоғам үшін қауіпті деп санайды. Екін­шіден, кітап оқуға шақырды.
– Әдебиет оқу ойлауды дамы­тады, бұл әлі де өзекті, сондықтан біз интернет-контенттің теріс әсері мен кітаптың пайдасы туралы үнемі айта береміз. Үшіншіден, кедейлік­пен күреске басымдық береміз. Кедейліктің басты себебі, жұмыс­сыздық емес, жалақының төмендігі. Төртінші – Еуразия экономикалық қауымдастығы мен «Бір белдеу – бір жол» жобасы аясындағы интегра­цияны жалғастыру қажет деп есеп­тейміз. Олар – саяси емес, экономи­калық бағдарламалар. Сондықтан еліміздегі бай-бағыландарға табыс салығын арттырамыз, – деді ол.
Коммунистік партия сайлау кам­паниясында Ұлттық бірыңғай тес­тілеу жүйесінен бас тартуға ша­қырмақ. Себебі, бұл жүйе оқушы­лар­дың интеллектуал дамуын тежейді, сондықтан кеңестік білім беру жүйе­сіне назар аудару керек деп санайды. Барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау қажет деген Ж.Ахметбеков халық әкімге емес, әкім халыққа тәуелді болуы тиіс деген пікірде.
Айта кетейік, 9 маусымда өтетін президенттің кезектен тыс сай­лауына кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде, тіркеу 11 мамырда аяқ­талады. Қазірге дейін саяси партия­лар мен қоғамдық бірлестіктерден жеті кандидат ұсы­нылды. Солардың арасында прези­денттік сайлауға қатысқан тәжірибесі бар – жалғыз Жамбыл Ахметбеков. Ол 2011 жылы өткен президент сай­лауына қаты­сып, 1,36 пайыз дауыс жинаған бо­латын. 2012 жылдан бері Мәжіліс депутаты.
Коммунистік Халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы. Отбасылы, төрт баласы бар.

Айдана БЕГІМ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=987794
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ақтөбеде жолақысын карт 3 min
Ұстаздарды артық жұмыст 13 min
Парижде үкіметке қарсы 15 min
Атырау облысы Қазақстан 23 min
Тағы бір қазақстандық с 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 1 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 1 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 1 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 1 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 1 sagt
Министр Риддердегі спор 1 sagt
Димаш Құдайберген қытай 1 sagt
"Барлығын түсіріп, өзі 2 sagt
Балалар музыкамен айнал 2 sagt
Алматыдан 744 шақырым қ 2 sagt
Жанар Хамитова қайтыс б 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Тараздағы форумда той м 2 sagt
Министр шығыста жүр 2 sagt
Жанар Хамитованың ағасы 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Атырауда қазақтың тұңғы 2 sagt
Еліміздің АТОМ жобасына 2 sagt
Сарыағаш кеден бекетінд 2 sagt
Тоқаев СҚО-ға ұшып келд 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Несіпбек Айтұлы | Әдеби 3 sagt