Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20360161838 %62 %

Сайлауға дайындық басталды | "Айқын" газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 13:00 - 2019/04/27


Шымкентте Nur Otan партиясының кандидатына қолдау білдіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Президенттік сайлауға Nur Otan партиясынан қатыса­тын кандидатқа қол жинау үшін 140-тан астам сенімді өкілдер 87 орында жұмыс істеп жатыр. 

– Шымкент қаласындағы барлық салаларды, көптеген аумақты, шалғайдағы ауылдарды қамту мақсатында және қала тұрғындарының қолайлылығы үшін қол жинау орындарын ұйымдастырып отырмыз. Халықтың белсенділігі өте жақсы. Өйткені 2 сағаттың ішінде қала бойынша 4000-нан астам қол жиналды. Бұл халықтың партияға деген сенімі болса керек, – дейді Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақстан мемлекеттік университетінде Nur Otan партиясының кандидатына қолдау білдіру жұмыстары студенттерге қызмет көрсету орталығында жүргізіліп отыр. «Білім және ғылым» бастауыш партия ұйымы және «Жас Отан» Жастар қанаты мүшелерінің үйлесімді жұмысы нәти­жесінде университеттің оқытушылары мен студенттері оқу процесіне кедергі кел­тірмей, үзіліс кезінде қолдау білдірді.
– Президенттік сайлауға түскен кан­дидатқа Қазақстан Республикасының кәмелетке толған әр азаматы өз дауысын бере алады. Біз барлық процесс қолда­ныстағы заңнама аясында өтуін қа­дағалап отырмыз. Өз ұстанымын біл­діргісі келе­тіндер өте көп. Әр өңірде кан­дидатты қол­дау мақсатында ха­лықпен кездесулер өтіп, бағдар­ламаның негізгі міндеттері түсін­дірілуде. Бастысы халықты дұрыс таңдау жасауға үндеу маңызды, – дейді кан­дидаттың сенімді өкілі, университет ректоры Дария Қожамжарова.
Үгіт-насихат жұмыстары кезінде жаңа коммуникация құралдары мен саяси технологиялар қолданылуда. Осы орайда шетелдік тәжірибе де ескеріліп жатқанын айта кеткен жөн.

Әбілмансұр ЖАСАН

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=987763
Пікірлер

Көрші сілтемелер