Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-1126666650 %50 %

Болашақ үшін жарқын бастама | "Айқын" газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 12:50 - 2019/04/27


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Nur Otan партиясы сайлау бағдар­ла­масындағы «Білім» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының көшпелі отырысы өтті.

Оған Мәжіліс депутаттары – Nur Otan пар­тиясы фракциясының мүшелері Ә.Бек­тұрғанов, Ж.Нұрманбетова, Н.Ду­лат­беков, Б.Хаменова, Білім және ғылым вице-министрі Ф.Жақыпова, пар­тия­ның қалалық филиалы төрағасының орын­басары А.Халбеков және Алматы қа­ласы мен Алма­ты облысының ұлттық және жеке жоғары оқу орындарының рек­торлары қатысты.
Жиын барысында Назарбаев универ­ситетінің тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселесі сөз болды. Сондай-ақ жеке ЖОО-ларын халықаралық стандарттарға сәйкес ком­мерциялық емес ұйымдарға айналдыру мәселелері талқыланды.
– Барлық жоғары оқу орындарының академиялық дербестігі бакалавриатта – 80, магистратурада – 85, докторантурада 90 пайызға дейін кеңейтілді. Азаматтық ЖОО-ның 49 пайызында Назарбаев университетінің тәжірибесі көрсетіледі. Сондай-ақ қазір министрлік мемлекеттік жоғары оқу орындарын коммерциялық емес білім беру ұйымдарына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде, – деді «Білім» бағыты бойынша партиялық куратор Әбдіманап Бектұрғанов.
Іссапар аясында комиссия отырысына қатысушылар Халықаралық бизнес университеті мен Қ.Сәтбаев атындағы Қа­зақ ұлттық техникалық зерттеу универ­си­тетіне барып, оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттермен кездесті. Кездесу қорытындысында комиссия мүшелері талқыланған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар әзірлеп, оларды уәкілетті мемлекеттік органдар назарына жолдады.

Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=987760
Пікірлер

Көрші сілтемелер