Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16613359642 %58 %
2019-07-179534126 %74 %

Жоғары технологияны жетілдіреді | "Айқын" газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 12:00 - 2019/04/27


Nur Otan партиясының Орталық аппаратында партия кураторы, Мәжіліс депутаты Альберт Раудың жетекшілігімен Жоғары технологияларды дамыту жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Кездесуге Мәжіліс депутаттары, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстандық индустрияны дамыту институты, «Ғылым қоры» АҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Комиссия отырысында Қазақстанда коммерцияландыру және технологияларды беру тетіктері арқылы инновациялық өнімдердің үлесін арттыру мәселелері талқыланды.
Жиынды ашқан партия кураторы Альберт Рау ғылым мен техниканы транс­ферттеуді коммерцияландыру білімге негізделген экономиканың қалыптасуына, өндіріске ғылыми зерттеулерді енгізуге және инновациялық өнімдерді жасауға ықпал ететінін атап өтті.
– Ғылыми нәтижелерді коммерция­ландыру, оларды экономикалық айналымға тарту маңызды. Басты мақсаты­мыз – ғылымды коммерцияландырудың қар­қынды дамуы үшін барлық жағдай жасау. Соның ішінде заңнамалық базаны құру аса маңызды, – дейді Альберт Рау.
Басқосуда баяндама жасаған Ин­дустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Ержанов қазіргі кезде инновациялық саясатты іске асыру құралдарының бірі технологиялық да­мудың ұлттық институты жүзеге асыратын инновациялық гранттар беру екеніне ерекше тоқталды.
Бұл жоба аясында 2011 жылдан бастап 2019 жылдың 1 ақпанына дейін жалпы сомасы 18,7 млрд теңгеге 356 келісімшарт алушылармен грант бөлінді. Бұл гранттар 11 басым бағытқа бөлінді. Оның ішінде ең көбі ақпараттық-коммуникациялық техно­логиялар саласына (69), ал ең азы нано және ғарыштық технология саласына тиесілі (1).
Талқылау кезінде «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы А.Сұлтанғазин Жоғары технологияларды дамыту бойынша атқарылған жұмыстарға сарап­тама жасады.
– Бүгінгі күні 6 жоба аяқталды. 34 жобаны биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Ал 2020 жылға дейін 52 жоба аяқталады. 2019 жылдың I тоқсанында 31 жобадан тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін табыс 955 млн теңгеден асты.
Күн тәртібін талқылау барысында жиналысқа қатысушылар ғылыми-техни­калық қызметтің нәтижелерін коммерция­ландыру бойынша жобаларды қаржылан­дыруға, коммерцияландыру жобаларына, жас ғалымдарға арналған гранттарға және ел өңірлерінде инновациялық белсенді­ліктің төмен деңгейіне байланысты бірқатар маңызды мәселелерді анықтады. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар жолданды.

Абылайхан ЖҰМАШ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=987744
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Жүңгө екөнөмикәсінің «ж 6 min
Ауа райы: Шілденің 17 к 1 sagt
Ж к п орталық көмитеті 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Жүңгө екөнөмикәсі алдың 1 sagt
17 шілдеде Қазақстанның 2 sagt
Чұңчиң қаласы мен шинжя 2 sagt
Өңтүстік райондарда бір 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
«жаңа жүңгөнің дамуына 3 sagt
Түркістан облысында жол 3 sagt
Армяда ақылы қізмет өте 3 sagt
«Қазақмыс» корпорациясы 4 sagt
Алдыңғы жарым жылда хал 4 sagt
АҚШ-та Трамптың жарлығы 4 sagt
2500-ден астам астаналы 4 sagt
Дүние жүзілік малтау жү 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Өзін-озы басқаруға көме 5 sagt
Арыс қаласында 1172 үй 5 sagt
Ақмола облысында жол ап 5 sagt
Елордалық аз қамтылған 5 sagt
Маса шаққан бөйжеткенні 5 sagt
Қазақстан-Ресей шекарас 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Теннис: Бублик Ньюпорт 5 sagt
Нұркен Мазбаев «Астана» 6 sagt
Алты жастан төменгі бал 6 sagt
Қарағандылықтар аймақта 6 sagt
Казахстанцы могут обрат 6 sagt