Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-141757522045 %55 %
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-1643998254 %46 %

ЕҢБЕКШІЛЕР СЪЕЗД ШЕШІМІН ҚОЛДАДЫ | "Айқын" газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 21:00 - 2019/04/26


Түркістан облысында «Көксарай» су реттегішінің еңбек ұжымы Nur Otan партиясының ХІХ съезінде қабылданған шешімді толығымен қолдайды. Бұл туралы бүгін Арыс қаласындағы «Көксарай» су реттегішінің жанында өткен басқосуда ұжым мүшелері арнайы мәлімдеді.

Жиында ашқан Nur Otan партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Маханов еліміздегі көшбасшы партия бүгінгі күнге дейін көптеген игі істерге ұйытқы болғандығын айтып өтті.

Ал, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Балқыбек Қонысбек Nur Otan партиясы елдің дамуына үлкен үлес қосып отырғандығын айтты. Жастармен, ақсақалдармен, жалпы қоғамның барлық санатындағы азаматтармен етене жұмыс жасап, игі істердің басынан табылып жүретіндігіне тоқталды.

«Көксарай» су реттегішінің еңбек ұжымы атынан сөз алған инженер-гидротехнигі Баймахан Телгозиев әрдайым Nur Otan партиясы жастарды қолдауға басты назар аударатындығын сөз етті. Атап айтқанда, «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға», «Құтты мекен», «Ардагерлерді ардақтайық» және басқа да бірқатар бағдарламалар мен партиялық жобаларды іске асырып жатқандығына тоқталды.

Жиынға қатысушылар алдағы уақытта да көшбасшы партия елдің дамуы жолында көптеген жобалардың жүзеге асуына ұйытқы болатындығына сенім білдірді. Сондай-ақ, ұжымдастар Nur Otan партиясының ХІХ съезінде қабылданған шешімді, яғни Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің Президенттің кезектен тыс сайлауына өз үміткерін ұсыну туралы шешімін толық қолдайды

Тельман БЕЙСЕНОВ,
Түркістан облысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=987590
Пікірлер

Көрші сілтемелер