Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елорда тұрғындарына газ қосу үшін пайызсыз несие беріледі - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпара



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 19:25 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/126686/%d0%b5%d0%bb%d0%be%d1%80%d0%b4%d0%b0-%d1%82%d2%b1%d1%80%d2%93%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd%d0%b0-%d0%b3%d0%b0%d0%b7-%d2%9b%d0%be%d1%81%d1%83-%d2%af%d1%88%d1%96%d0%bd-%d0%bf%d0%b0%d0%b9/


Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және ECOJER қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрғын үйлерді газдандыруға жәрдемдесу бойынша жоба іске қосылды. 

Ол Halyk Bank-тен елордада алғашқы жүз тұрғынның үйін газбен жабдықтаудың орталық желілеріне қосу үшін пайызсыз кредит беруді көздейді.

Мұндай қаржылық ынталандыру халықтың экологиялық таза көгілдір отынға көшуін жеделдету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша пайызсыз кредит беру бағдарламасының шарттары бойынша елорда тұрғындары 750 000 теңгеге дейінгі сомаға, 18 айға дейінгі мерзімге жылдық 0%-бен кредит ала алады (қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия небәрі 0.1%-ды құрайды).

Пайызсыз несие алу үшін бағдарламаға қатысушылар:

  • кеңес алу, өлшеу мен құнын есептеуді жүзеге асыру үшін жақын жердегі ұйымға («Capital Construction 2020» ЖШС) жүгінуі;
  • газды қосу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ техникалық шарттар алуы;
  • жеткізушімен шарт жасап, «ECOJER» қауымдастығының «Жасыл сертификатын» алуы;
  • шартпен және сертификатпен Halyk Bank-тің екі бөлімшесінің біріне пайызсыз кредит алу үшін жүгінуі керек (Жеңіс даңғылы, № 72 үй және Бейбітшілік көшесі, № 24 үй, № 4 т.е.ж.).
 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1385824
Пікірлер

Көрші сілтемелер