Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Вакцина халал ма? - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 11:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/126548/%d0%b2%d0%b0%d0%ba%d1%86%d0%b8%d0%bd%d0%b0-%d1%85%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bb-%d0%bc%d0%b0/


Бұған дейін ҚМДБ Алматы қаласы бойынша пәтуа бөлімінің қызметкері Қайрат Дабылов «Вакцина оразаны бұза ма?» деген көпшіліктің сауалына жауап берген болатын.

Ол: «Қуат бермейтін емге жасалған қазіргі екпеміз бар, сол секілді, басқа да нәрселер салатын болса, ол оразаны бұзбайды. Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының арнайы пәтуасы шықты. Екпе бұл қуат беретін нәрсе емес», – дейді.

Ал вакцинаға қатысты Қазақстанның бас санитар дәрігері «вакцинаның халал немесе халал еместігін анықтау біздің құзыретімізге жатпайды» деген еді.

Діни басқарма өкілі «вакцина халал ма?» деген сауалға жауап берді.

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов: «Вакциналардың ішінде «Спутник V» туралы Ресейдегі әріптестеріміз арнайы сол препаратты дайындаған мамандармен кездесіп, толық мәлімет алып, оның халалдығы туралы және екпе егуге болатыны туралы арнайы пәтуа айтқан. Біз де сол пәтуаға сүйенеміз», – деді «Хабар 24» арнасына айтқан пікірінде.

Осыған дейін биылғы пітір садақа мөлшері туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ Бас мүфти антисептикке қатысты пікір білдірген еді.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1385394
Пікірлер

Көрші сілтемелер