Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жамбылда қол ұстасып қашып кеткен ғашықтар Қырғызстаннан табылды - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 08:50 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/126535/%d0%b6%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0-%d2%9b%d0%be%d0%bb-%d2%b1%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bf-%d2%9b%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bf-%d0%ba%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d2%93%d0%b0%d1%88/


Биыл 23 наурызда полицияға Тараздың 45 жастағы тұрғыны 17 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы шағымданған. Ол наурыздың 22-сінен 23-іне қараған түні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында кәмелетке толмаған баланың телефон нөмірінен кетіп бара жатқанда, ол үйден өз еркімен кетуге шешім қабылдағаны және қайтып оралмайтыны туралы хабарлама келгені анықталды. Сол күні туыстары жасөспірімді іздей бастаған. Өз бетінше іздеу нәтиже бермеген соң ата-анасы полицияға жүгінді.

Кейінірек жігіттің ата-анасы сөйлесуге тыйым салған 16 жастағы дос қызына байланысты отбасылық жанжал болғаны анықталды. Белгілі болғандай, жасөспірім өзі ғана емес, сүйіктісімен бірге кеткен. Кәмелетке толмағандарды іздеуге Жамбыл облысының қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жасөспірімдер туралы бағдар Қазақстандағы барлық облыстық Полиция департаменттеріне жіберілді. Іздеуге еріктілер де атсалысты.

Анасының айтуынша, кетіп бара жатқан кезде кәмелетке толмаған баланың қолында ұялы телефоны және металл сынықтарын жинап-тапсырғаннан түскен азғана ақшасы болған. 14 күн бойы іздеген жасөспірімдерді Қырғызстанның полиция қызметкерлері тапты.

Екеуі іздеу жұмыстарын қиындатуға тырысып, шашын қара түске бояп сыртқы түрлерін өзгерткен. Ол жақта да металл сынықтарын жинап-тапсырған қаржыға өмір сүрген.

Оларды қабылдау пунктіне металл өткізген кезінде Қырғызстанның милиционері ұстады. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері Қырғызстанға кетті. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1385308
Пікірлер

Көрші сілтемелер