Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмолада ірі жол апатынан үш адам қаза болды - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 01:25 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/126487/%d0%b0%d2%9b%d0%bc%d0%be%d0%bb%d0%b0%d0%b4%d0%b0-%d1%96%d1%80%d1%96-%d0%b6%d0%be%d0%bb-%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d0%bd-%d2%af%d1%88-%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bc-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0/


Ақмолада бүгінгі күнге екінші мәрте ірі жол апаты болды. Өкінішке орай, жол-көлік оқиғасынан үш бірдей адам мерт болды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары «Көкшетау-Атбасар» тас жолында болған кезекті жол апатына куә болған.

«Тәртіп сақшылары алдын ала болжам бойынша шамамен 13:59-да «Ваз 2110», ГАЗель» және «Фольксваген Гольф» көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғанын анықтады. Жол апатының қатты болғаны соншалық, автокөліктердің соғылуынан «ГАЗель» көлігіндегі газ баллон құрылғысы жарылып кеткен. Салдарынан «Фольксваген Пассат» көлігіндегі екі жолаушы мен жүргізушісі оқиға орнында бірден көз жұмған. Сондай-ақ, «ГАЗель» автокөлігінің жолаушысы түрлі деңгейдегі дене жарақатымен Атбасар аудандық ауруханасына жеткізілді», – дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Аталған факт бойынша полицейлер қылмыстық кодекстің 345/бабының 4-тармағы «Көлік басқарушы тұлғаның жол қозғалысы ережесін бұзып адам өліміне себеп болуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Тәртіп сақшылары барлық жол қозғалысы қатысушыларын жолда өте сақ болуға шақырады.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1385183
Пікірлер

Көрші сілтемелер