Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тәуелсіздікке 30 жыл: Қазақстанда қандай шаралар атқарылады? - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақп



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 21:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/113732/%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba%d0%ba%d0%b5-30-%d0%b6%d1%8b%d0%bb/


2018 жылы желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев та тәуелсіздікке 30 жылдық қарсаңында барлық өңірлерді дамытуға арналған бағдарлама құру қажет екенін айтқан еді.

«Кей өңірде ауызсу жоқ, кей өңірде коммуналдық шаруашылық ескірген. Кей аймақтың ішкі жолдары нашар. Әр облыстың кемшін тұстарын анықтап, Жол картасымен қаражат бөлу керек. Яғни, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын әдемі қалалармен және орталықтармен қарсы алуымыз керек. Міне, осындай бағдарламаны жүзеге асырамыз деп ойлаймын», – деді Қазақстанның бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен Тәуелсіздігінің 30 жылдығында қандай шаралар атқарылады?

Қоғамды демократияландыруға бағытталған бірқатар заң қабылданады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында, айтулы жылды бұған дейін басталған реформалар аясында ұйымдастырған абзал екеніне тоқталды. Бұл ретте саяси реформаның үшінші кезеңін жүзеге асыру жалғасады.

«Бүгінде біз іске асырып жатқан елімізді жүйелі түрде жаңғырту жұмысы адамдардың қоғамдағы, экономикадағы, мәдениеттегі мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Мемлекеттік жоспарлау мен басқару салаларындағы соңғы өзгерістер де осы мақсатты көздейді. Біз өңірлік деңгейдегі теңсіздіктер мен кедергілерді біртіндеп жоямыз. Өйткені бізге қуатты Тәуелсіз Қазақстанды құру үшін аймақтардың бәсекеге қабілетті болып, әр ауыл мен қаланың тұрақты дамығаны керек», – дейді Президент.

«Халықтық  IPO» бағдарламасы арқылы мемлекеттік активті сатып алушылар саны артады

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін бес триллион теңгеге бағаланатын мемлекеттік активтерді жекешелендіру арқылы кәсіпкерлікті дамтуға болатынын айтты. «Халықтық IPO» бағдарламасын жаңғырта отырып әрбір қазақстандықтың ұлттық байлығымыздың бір бөлігіне ие болуына және отандық экономиканың көшбасшыларын дамытуға өз үлесін қосуына мүмкіндік жасалады. Қасым-Жомарт Тоқаев адам капиталының сапасын арттыру, жүргізіліп жатқан саясаттың негізгі бөлігі екенін жеткізді

Жастар жұмыспен қамтылады

Тәуелсіздікке 30 жылдықты мерекелеу кезінде атқарылатын шаралардың жастарға арналуы – Президент қойған басты талаптың бірі.

«Жастарға қатысты келесі мәселе – жұмыспен қамту. Бұл, әсіресе, өңірлерде аса өзекті. Біз жұмыссыз жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беруіміз керек. Олардың тұрақты кәсіп табуына көмектесуіміз қажет. Қазір жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Бірақ жастардың көбі сол шаралар туралы білмейді. Мемлекет ұсынып отырған түрлі қолдау жұмыстарынан хабарсыз. Бұл мәселе тек жалаң үгіт-насихатпен шешілмейді. Үкімет пен әкімдер жастарды жұмыспен қамту мәселесімен арнайы айналысып, күнделікті назарда ұстауы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, елдегі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Жұмыспен қамту 2020 жол картасы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» атты біртұтас ұлттық жоба әзірленеді

Енді жергілікті мемлекеттік органдарды бағалау көрсеткішіне «Жастардың даму индексі» қосылады. Бұл осы бағыттағы шаралардың тиімділігін арттырады. Президент жастар саясатына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты біртұтас ұлттық жоба әзірлеуді тапсырды. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды жүйелеу үшін әр бағыт бойынша бытыраңқы жүзеге асырылып жатқан жобаларды бір арнаға тоғыстыруды тапсырды. Ал оны дайындауға, одан соң талқылауға жастар мен студенттер ұйымдарын, азаматтық белсенділер мен тәуелсіз сарапшыларды тарту керек.

Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз. Талантты жастарымыздың креативті экономика құрудағы рөлі маңызды. Өйткені креативті индустрия әлемдік экономикада ең жылдам дамып жатқан сегмент. Дамыған мемлекеттерде аталған сала ішкі жалпы өнімнің 10 пайызын құрайды», – дейді Президент.

Осы ретте Мемлекет басшысы Үкіметке стратегиялық тұрғыдан маңызды саланы кешенді түрде дамыту жоспарын ойластыруды тапсырды. Оның пікірінше, оның негізін қалаушы бөліктің бірі ғылым, мәдениет және заманауи шығармашылық салалары бойынша Ұлттық білім хабы болуы қажет. «Таланттар фабрикасы» іспетті бұл орталық еліміздің барлық өңіріндегі дарынды жастардың кәсіби мамандардан білім алып, олардың шеберлік сағаттарына қатысуға жол ашады.

 Жамбылдың, Әлихан Бөкейхановтың, Қажымұқанның мерейтойы тойланады

Президент 30 жылдыққа байланысты шаралар халыққа рухани серпіліс әкелуі қажет екенін айтты. Руханият саласындағы жұмыс бірнеше бағыттан тұрады. Солардың бірі – ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың еңбегін насихаттау.

«Мерейлі жылға бірнеше атаулы дата тұспа-тұс келіп отыр. Жыр алыбы Жамбылдың – 175, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155, күш атасы Қажымұқанның – 150 жылдығы, тағы басқа бірнеше тарихи тұлғаның мерейтойы. Біз былтыр Абай мен Әл-Фарабидің мерейтойларын өте мағыналы өткіздік. Олардың тұлғалық келбеті мен өмір жолы, еңбектері халыққа үлкен ой салды. Бұл тәжірибені алдағы уақытта да ұстанған жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 «Таза табиғат» жобасы жүзеге асады

Мемлекет басшысы елдегі көрікті жерлердің жыл өткен сайын жұтаңданып бара жатқанына алаңдап, «Таза табиғат» жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Экологиялық бастамалар жыл сайынғы тұрақты жұмысқа ұласып, өмір салтына айналуы шарт екенін жеткізді. Сонымен бірге Наурыз мейрамын жаңаша етіп өткізу туралы айтты

«Бабаларымыз Әз Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен жалғастырайық. Табиғатты тазалап, қоршаған ортаны көгалдандыруды қолға алайық. Мұндай шараларды барлық аймақта ұйымдастыруымыз қажет. Бұл – ата салтымыз әрі ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығының мәнін халыққа түсіндіру мен ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізу де маңызды екенін айтты. Тәуелсіздік мерекесінің тұжырымдамасы «Жасампаздыққа толы жылдар» деп аталады. Президент жасампаздық идеясын кеңінен дәріптеуді тапсырды. 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1359802
Пікірлер

Көрші сілтемелер