Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркістанда үй бағасы шарықтап кетті - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 19:25 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/113669/%d1%82%d2%af%d1%80%d0%ba%d1%96%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d2%af%d0%b9-%d0%b1%d0%b0%d2%93%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d1%88%d0%b0%d1%80%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bf-%d0%ba%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96/


Қажетті өнімнің 70 процентін сырттан тасымалдайтын құрылысшылар жергілікті биліктен бағаны тұрақтандыруды сұрап отыр.

Түркістанда соңғы кезде құрылыс материалдарының бағасы 25-30 процентке бір-ақ көтерілді, – деп жазады 24.kz.

Әсіресе арматура, төбеге қажетті металл жабындылардың бағасы аспандап кетті. Цемент – 15, ал ішкі әрлеу жұмыстарының материалдары 17 процентке өскен.

Құрылыс компаниясының басшысы Арман Сейітов: «Биыл арматураның бағасы 30-40 процентке көтерілді. Одан кейін қызыл кірпішті былтыр 33 теңгеден алсақ, биыл – 56-57 теңге. Жабын төсемелер, сыртқы қасбеттің материалдары, жылу ұстағыш материалдардың бағасы 20-30 процентке көтеріліп кетті», – дейді.

Өңірде құрылыс материалдарын өндіретін 50-ге жуық кәсіпорын бар. Бірақ олардың дені шағын болғандықтан сұранысты толық өтей алмайды. Мұның үстіне көбі қыс мезгілінде жұмысын тоқтатып қойған. Сондықтан өңірде құрылысқа қажетті өнімнің біразы сырттан тасымалданады. Мұның бәрі баспана бағасының шарықтауына себеп болып отыр.

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Төлегенов: «Былтыр 160 мың теңгеден шаршы метрі болды тұрғын үйдің, ал қазіргі таңда 200-220 мың теңгеге шығып отыр нарықтағы бағасы. Мұнан бөлек жеке инвесторлар есебінен салынып жатқан үйлерге олар өздерінің тағы құнын қосып, 240 мың теңге, тіпті одан да жоғары баға қойып отыр», – деді.

Қазір Түркістанда 122 нысан салынып жатыр. Мұның жартысына жуығы баспана екен.

Бұған дейін жаңадан салынған Түркістан әуежайының мәселесін жазған болатынбыз.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1359753
Пікірлер

Көрші сілтемелер