Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сағынтаев тұрғындардың талабын ескеріп, жатақхана құрылысын тоқтатты - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Р



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 18:25 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/113749/%d1%81%d0%b0%d2%93%d1%8b%d0%bd%d1%82%d0%b0%d0%b5%d0%b2-%d1%82%d2%b1%d1%80%d2%93%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d0%bd-%d0%b5%d1%81%d0%ba%d0%b5/


Әуезов ауданындағы Алтын бесік ықшамауданының тұрғындары 17 ақпанда өткен Алматы қаласы әкімінің есептік кездесуінде жатақхана салу жоспарын қайта қарау туралы өтініштерін білдірген еді.

Олар өз өтінімдерінде қала басшысын жоспарланған құрылыс орнына шақырған болатын.

«Аталған жерге барып, Алматы технологиялық университетінің студенттеріне арналған жатақхана ғимаратына жер телімін беру туралы қаулының күшін жою туралы шешім қабылдадым. Жуырда студенттік үй үшін басқа қолайлы жер қарастырамыз», – деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, тұрғындармен кездесуде бұл жерге 120 орынды балабақша, спорт және воркаут алаңдарын салу жөнінде ортақ шешім қабылданды.

«Ата-аналар балаларға арналған қосымша оқыту мен дамыту орталықтарын құру қажеттігін айтты. Бұл ретте «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубтарының тәжірибесі негізінде тегін үйірмелер мен спорт секцияларын ашамыз», – деп атап өтті Алматы әкімі.

Әуезов ауданына жұмыс сапары барысында қала әкімі ықшамауданның құрылыс салуға тыйым салынған аймақтардағы бос жерлерін де қарап шықты. Мұнда жайлы жасыл қоғамдық орындарды құру жоспарлануда.

 

Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметінен алынды

Айта кету керек, қала халқы қазір өте белсенді. Қоғамда болып жатқан әрбір жағдайға үн қосып, пікірлерін білдіріп отырады. Бұған дейін қаланың Орталық мәдениет және демалыс саябағы маңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жатақхана тұрғызатыны жайлы бастамаға да өз наразалықтарын білдірген болатын.

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1359712
Пікірлер

Көрші сілтемелер