Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Perseverance Марсқа қонды, ал біздің ғалым Үкіметтен қаржы күтеді... - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Р



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 16:50 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/113624/perseverance-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d1%81%d2%9b%d0%b0-%d2%9b%d0%be%d0%bd%d0%b4%d1%8b-%d0%b0%d0%bb-%d0%b1%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d2%93%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%bc-%d2%af%d0%ba%d1%96%d0%bc%d0%b5%d1%82/


NASA-ның Perseverance аппараты жақында Қызыл планетаға қонып, оның соншалық қызыл емес екенін суретке түсіріп жіберді. Ал Tesla компаниясының акциялары бір жылда 700 пайызға өсті, Space X-тың құны 100 млрд долларға жуықтады. Американың жетекші агенттігі, компаниялары осындай көрсеткішке ие. Егер инновация экономикалық тұрғыда осыншалық пайдалы болса, неге Қазақстанда бұл сектор ақсап тұр. Әрине, Үкімет инновацияны дамытуда түк істемеді деуге ауыз бармайды. Ғылымға бөлінетін қаражатты арттырды, инновациялық қор, бірнеше технопарк, арнайы хаб құрды. Бірақ ЖІӨ-де инновациялық өнімнің үлесі бар-жоғы 1,4%. Неге?

Ғылымды экономикасының тірегі еткен мемлекеттер өзгелер­ден алға шығатыны тарихтан белгілі. Сондықтан өнеркәсіп ре­волюциясына алғаш ілінгендер қазіргі дамыған елдердің қата­рында. Мәселен, орта ғасырларда паравоз, теміржол, бу машина­лары Англияны сол кезде-ақ қуатты елге айналдырды. Ал қазір ин­новация экономиканы алға жетелеуші жаңа локомотив екені белгілі. Неге? Неге ескі техно­ло­гиямен-ақ өндірісті жалғас­тыра бермеске? Неге жаңа ғылыми жобаларға шығындануымыз керек? Себебі инновацияның берері көп. Мәселен: а) адам қа­жет­тілігін қанағаттандыратын мүлдем жаңа өнімдер пайда бо­лады, ә) экономикалық дамуға ықпал етеді, экономиканың жаңа салалары пайда болады, б) жұмыс орындары ашылады, білікті мамандарға сұраныс туады, в) қоғамның өмір сапасы артады, д) табиғат ресурстарын үнемдейтін, өндіріс шығын­дарын азайтатын жаңа техно­ло­гия іске қосылады, е) адам ка­­пи­талы дамиды. Бұл иинова­ция­ның тікелей оң ық­палы, жанама әсері бұдан да мол. Сондықтан да инновация нары­ғында бәсеке күн өткен сайын артып келеді. Дональд Трамп 2018 жылы Қытайға қарсы бас­таған сауда соғысының бірден-бір себебі жаңа технологияға талас болғаны бекер емес.

Global Innovation Index не дейді? Ендеше әлемдік инновация на­рығында қай мемлекеттер көш бастап тұр? Бұл сұраққа жауап табу үшін 2007 жылдан бері жария­ланатын ғаламдық Global Innovation Index рейтингіне көз жүгірту керек. 2007 жылы АҚШ әлемде инно­вацияда жетекші ел болса, Қа­зақ­стан 61-ші болған екен. Дәл осы рей­тингтің 2020 жылғы нә­тижесі шықты. Жағдай өзгерген. 2011-2020 жылдар аралығында Швейцария жаһандағы ең ин­но­­вациялы мем­лекет деп танылып ке­леді. Ал Қа­зақстан 77-орынға сырғыған. Мә­селе неде? Ғылымға бөлінетін қа­ражат азайды ма? Әлде, ғалым саны кеміді ме? Статистикаға жүгінейік. Былтыр отандық ғылым кеңістігінде 22 мың адам қызмет етіпті. Бұл аз ба? Әрине, аз. 1990 жылдары елімізде ғылым сала­­сының өкілдері 40 мыңға жуық болған. Ал түрлі ғылыми-тех­­­ни­­калық институт саны 280-ге же­­­тіп жығылған. Дәл қазір кеңес мұрасын аңсайын деп тұрған ешкім жоқ, бірақ тәуелсіздік таңы атқан ке­­зеңде Қазақстан ғылыми держава болмаса да, әлеуеті мол мемлекет болғаны анық. Оны жо­ғарыдағы сандар дәлелдеп тұр.

Мейлі, бүгінге оралайық. Жал­пы, ғылым – шығыны мол сала. Инновациясы дамыған мем­ле­кеттерде ғылымға инвестицияны үкіметпен қоса жеке компаниялар да қатар құяды. Бұл ол елдерде ғы­лыми не өнеркәсіп жаңа­лық­тарының не үшін жиі ашылаты­нының бірден-бір себебі болар. Өйткені бизнес нақты нәтиже берер жобаны ғана қаржыландырады. Ғылыми жаңалық ашылса, оны бірден өндіріске енгізуге тырысады. Бір ғана сенсорлы iphone смарт­фондарының 2007 жылы нарыққа еніп, содан бері қаншалық танымал әрі өндіруші компания Apple-ға пайда әкелгенін еске түсіріңіз. Қа­зақстанда жеке бизнес өкілдері ғы­лымға инвестиция құюға қатты асықпайды. Бірақ Finprom сайты мүлдем басқа деректер келтіреді. Мәселен, бизнес 2019 жылы кәсіби, ғылыми және техникалық салаға 71 млрд теңге бөлген. Бұл елімізге сол жылы келген барлық инвес­тиция­ның бар-жоғы 0,6 пайызы. Тым аз. Оған қоса, өкінішке қарай бұл қаражаттың таза ғылым секторына бөлінген мөлшері белгісіз. Себебі техникалық және кәсіби сала деген ұғымдардың қолданылу аясы кең.

Инновацияның тұсауы не? Жал­пы, Қазақстанда ғылымға бас­ты қаражат құюшы әлі де Үкімет екені белгілі. Барлық дерлік ғылыми институттар бюджеттік қаржы­­­­лан­дыруда. Шокин атындағы Энер­­гетика институты сынды бірен-сараны ғана жекешеленді. Сол се­бепті ғылыми институттардың ба­сым бөлігі нарық, бизнес, бәсекенің талап-тілегі, бағыты бойынша емес, Ғылым комитетінің немесе өзге де мемлекеттік мекемелердің тап­сырмасы, жоспары бойынша қыз­мет етеді. Кеңестік ғылыми мо­дельден аса көп айырмашылығы жоқ. Тек енді қаржыландыру әдісі өзгерді – грант арқылы. Алайда қаржы көзі сол баяғы Үкімет. Бәл­кім, инновацияның біздің елде кенже қалуының бірден-бір себебі осы болар.

Perseverance

Инновациялық нарықтың Қа­­­зақстанда ақсаңдауының сан түрлі себебі бар. Шетелде ғылыми тың өнімді нарыққа шығарып, өндірісін реттеп, жарнама мен маркетингін келістіріп, пайдаға кенелетін бизнес бізде тендермен шұғылданғанды жөн көреді. Өйткені бұл тиімді, жылдам, тәуекелі аз, сақтан­­дырыл­ған. Әрине, парамен сақтанды­­рылған. Бұл – бүгінгі нарықтың шындығы. Мұндай бизнес-ат­мо­с­ферада ғылыми жобаға қаржы беруге даяр кәсіпкер тым аз бо­ла­тыны түсінікті. Көрші Ресейде бұ­дан өзге келесідей факторларды инновацияға тұсау деп анықтаған. а) Инновация нарығының артта қалуы, сұраныс тұралы ақпараттың тапшылығы, ә)жоғары экономи­­­­­калық тәуекел, пайданың ұзақ уа­қытт­ан соң түсуі, б)қаржының жетіспеуі, қосымша қаржы көз­дері­нің тапшылығы, в)инновациялық өнім­дерге мемлекеттік тапсы­­рыс­тың аздығы г)инновацияны на­рыққа енгізетін менеджерлердің тапшылығы д)жас ғалымдардың шетелге кетуі және тағысын та­­­ғылар. Егер Ресей мен Қазақстан экономикасының құрылымы ұқсас десек, жоғарыда айтылған проб­­­лемалар біздің елге де тән екені белгілі. Алайда Ресейде Сколково сынды мемлекеттік кешеннен бөлек Яндекс, Mail.ru Group секілді жеке компаниялардың аясында жаңа технологиялық жобаларды жүзеге асыра бастады. Қазақстанда еске түсетіні тек елордадағы IT-хаб. Алай­­­да онда көпшілік жоба әлі стартап деңгейінде. Алматыдағы Алатау IT-паркінен хабар-ошар жоқ. Бұған дейін оған жылдар бойы құйылған бюджет миллиард­­тары­ның есебін де, нәтижесін де есті­медік.

Ғылымға кім қанша қаражат құяды? Қалай десек те, ғылым мен ин­новация қаржыны молынан талап етеді. Жоғарыда бұл қаражат бюд­жеттің есебінен төленіп жат­қанын айттық. 2004 жылы ғы­лымға Қазақстан 13 млрд теңге бөлген. 2015 жылы 69 млрд-қа жеткен. Ал былтыр 40 млрд-тың айналасында болған. Бұл ақша ешқашанда отан­дық ЖІӨ-нің 1 пайызына да жет­­пе­ген. Министр Аймағамбетов бұл межені тек 2025 жылы ғана аттай­­тынымызды былтыр мәлімдеді. Жалпы, бұл қаражат жеткілікті ме? Әрине, аз. Жас ғалымдардың ғы­лыми институттарда көп тұрақта­­­май­­­тыны да содан. Жалақы аз. Тіс қаққандар гранттық жобаларға қатыстырмайды. Зерттеу жұмы­­сына қажет детальды тендер өт­кі­зіп, ап­­талап, айлап күту де талай жастың ғылымға бет бұрамын деген ниетін сөндірген.

Ал дамыған елдерде ғылым мен инновацияға ЖІӨ-нің 3 пайызына тең ақша қарастырылатыны белгілі. Бұл деңгейге әлемнің ең иннова­­ция­лық мемлекеттері жеткен. Мы­салы, Израиль (4,25%), Корея (4,24%), Швейцария (3,37%), Швеция (3,25%) және Тайвань (3,16%).

Швейцария әлемде 2011 жылдан бері ең инновациялы мемлекет еке­­нін жаздық. Жер көлемі – 41 мың шаршы шақырым. Қарағанды об­лысына 10 Швейцария сыйып ке­теді. Міне, осы ел құны 2 млрд дол­лар кофені экспорттаған. Кофе екпейтін ел оны қалай экспорттады дерсіз. Өңдеу саласы дамыған. Мә­селен, экспортының 44 пайызы химиялық және фармацевтикалық тауар, 14 пайызы машина мен электроника және 9 пайызы сағат. Ал мұнда тіркелген 99 пайыз ком­пания қызметкері 250 адамға жетпейтін орта бизнес. Осындай экономикалық модель былтыр Швейцарияның ЖІӨ-сін 650 млрд долларға жеткізді. 8,5 млн тұрғыны бар мемлекет үшін керемет көр­сеткіш. Ал АҚШ-та инновацияны өндіріске енгізу жүйесі орнатылған. Яғни, «ғаламат ғылыми идеялар» зертханада шаң басып жатпайды. Ол үшін үкімет атаулы бағдарламалар мен инфрақұрылымды қаржы­­ландырады. 2019 жылы ғылыми жобалар мен инновацияға 495 млрд доллар бөлген. Сондай-ақ өнеркә­сіпті қолдайтын Manufacturing USA бағдарламасы бар. Оған 14 жеке институт пен үш министрлік жауап­ты. Өз кезегінде аталған бағдар­ламаға 1 900 компания қаты­сады. Әр институт, компа­­­нияның өз ба­ғыты бар. Яғни, бір жағы­нан үкімет ғылымға инвестиция құяды, екінші жағынан оның нәтижесін ірі ин­дустрияда қолданды. Бұл жүйенің арқасында өнеркәсіп секторы АҚШ-тың жалпы ішкі өнімінің 20 пайызын қамтамасыз етті. Басқаша айтса, ғылым мен өндіріс қатар жұ­мыс істейді, нәтижесінде экономика өседі.

Аталған жүйені Қазақстанда қол­дануға бола ма? Әрине, болады. Бірақ практикада пайдалануға не кедергі? Оның себептерін жоғарыда Ресейді мысалға келтіре отырып, тізіп шықтық. Үкімет «Арсел­­­лор­МитталТеміртау» сынды алып­тарды экорежимге ауысып, фильтр қоюға міндеттей алмай отырғанда инно­вацияны енгізу жайлы талап қою кәсіпкерлер үшін қиял секілді. Пай­далы қазбаны шетелге экспорттауға негізделген отандық бизнес иелері ғылыми жобаларға қаражат салып, нәтижесін нарыққа шығарады дегенге сену қиын. Неге? Өйткені экономикамыздың негізгі 5-6 са­­­ласы ғана ірі табыс әкеледі: мұнай мен химия өндірісі, металлургия, ауыл шаруашылығы, құрылыс, транспорт және логистика, машина құрастыру.

Осы салалардың өзінде инно­вацияны енгізуге мүмкіндік бар. Оған 41 мың шаршы шақырым же­рінен әлемге 95 млрд еуро агро тауар­ды экспорттайтын Нидерланд мысал. Яғни, жоғары технологияны экономиканың кез келген индус­трия­сына сәтті енгізу арқылы тауар құнын арттырып, шығынды ке­мі­туге болады. Бірақ ол үшін ең ал­дымен ғылыми жобаға сұраныс ту­ғызатын әрі оған мүдделі өнер­кәсіп, бизнес болуы шарт. Одан кейін ғана оларға лайық ғылыми шешімді ұсынатын ғалым мен оның жобасы болуы міндет. Ал осы қос тарапты байланыстырып, оларға құқықтық, инвестициялық, инфрақұ­­­­рылым­­дық жағдай жа­сайтын үкімет. Өкі­нішке қарай, Қазақстанда аталған үш тараптың арасында «химиялық реакция» жөнді жүрмей жатыр. Нарық өз дегенін айтса да, Масктар сан зымыран ұшырып, инно­вацияның мысалын көрсетсе де, олар бізге «катализатор» болар емес.

БайғараНұрмұхамед БАЙҒАРА

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1359630
Пікірлер

Көрші сілтемелер