Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Әйел дүкенге кіре салып, 500-ге жуық ішімдікті сындырған (видео) - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 14:50 - 2020/12/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/90987/%d3%99%d0%b9%d0%b5%d0%bb-%d0%b4%d2%af%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%b3%d0%b5-%d0%ba%d1%96%d1%80%d0%b5-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%bf-500-%d0%b3%d0%b5-%d0%b6%d1%83%d1%8b%d2%9b-%d1%96%d1%88%d1%96%d0%bc%d0%b4/


Оқиға Ұлыбританияның Лондон қаласында Хартфордширдегі Aldi бюджеттік супермаркетінде болған. Дүкенге келген клиент 5 минут ішінде 500-ге жуық бөтелкені сындырып тастады.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жасы 50-ге таяп қалған әйел шарап, сыра секілді спирттік ішімдіктер тұрған сөреге үн-түнсіз келіп, бөтелкелерді шет-шетінен еденге лақтыра бастаған. Тіпті, аяғы тайып, сынықтың біріне құлап, оң жақ қолының білегін кесіп алған.

Арасында кассада есеп айырысып тұрған адам оған тынышталып, сабырға келуіне шақырып еді басы бәлеге қалды. Әлгі келіншек оған бөтелкені лақтырып жіберді. Оның бұл қылығынан шошынған супермаркет қызметкерлері оны тоқтатуға батпады. Нәтижесінде, ол дүкенге бірнеше мың фунт стерлинг шығын келтірді.

Бұл келеңсіздікті жақын маңдағы дүкеннің күзетшісі ғана тоқтата алды. Артынан әйелді полиция қызметкерлеріне тапсырды.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1323570
Пікірлер

Көрші сілтемелер