Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ұлттар лигасында Қазақстан Литвадан жеңіліп қалды - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңал



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 01:25 - 2020/11/19

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/88576/%d2%b1%d0%bb%d1%82%d0%b0%d1%80-%d0%bb%d0%b8%d0%b3%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%bb%d0%b8%d1%82%d0%b2%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%b6/


UEFA Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Литва құрамалары арасындағы кездесу аяқталды.

Бүгінгі кездесу қос құрама үшін де маңызы зор болды. Жеңгені өз тобында үшінші орынға тұрақтап, алдағы уақытта С лигасында ойнау мүмкіндігін сақтап қалатын еді. Жеңілгені дүбірлі доданың келесі жарысында D лигасына төмендейтін қос құраманың қатарына қосылуы мүмкін. Айта кетелік, С лигасында өз тобында төртінші орынды місе тұтқан төрт құрама жеребе арқылы екі жұп құрайды. Бұл жұптарда жеңілгені төменгі лигаға түсіп қалады.

Ойын қазақстандықтар үшін сәтті басталған еді. Кездесудің 38-минутында қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов есеп ашты. Ал 40-минутта оған литвалық Модестас Воробьёвас бір голмен жауап қайырды. Есеп 1:1. Бірінші кезең осы есеппен аяқталды.

Екінші кезеңде алаң иелері тағы да гол соғуға ұмтылды. Дегенмен көздеген мақсатына жете алған жоқ. Есесіне 94-минутта литвалық Арвидас Новиковас қорытынды есепті белгіледі. Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетелік, екі құрама С лигасы төртінші тобында сынға түседі. Олардан өзге Албания және Беларусь құрамалары бар. Соңғы екі құрама да дәл қазір ойын өткізіп, албаниялық футболшылар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қорытынды турнир кестесінде 11 ұпаймен көш бастап, алдағы уақытта В лигасында бақ сынауға жолдама алды. Одан кейінгі орындардағы Беларусьтің 10, Литваның 8 ұпайы бар. Соңғы орындағы Қазақстан еншісінде 4 ұпай жазылған.

С лигасында биыл Кипр, Эстония, Молдова құрамалары да төртінші орын алды.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1304865
Пікірлер

Көрші сілтемелер