Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шекарашылар адасып кеткен 11 жасар баланы шекараны бұзушы деп ойлаған - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы.



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 00:00 - 2020/11/19

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/88560/%d1%88%d0%b5%d0%ba%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bf-%d0%ba%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd-11-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d0%b0%d1%80-%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0/


Солтүстік Қазақстан облысында адасып кеткен баланы шекарашылар тауып алды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Instagram парақшасында.

16 қараша күні кешке ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Ақкөл» бөлімшесінің шекарашыларына жедел және техникалық құрал арқылы шекара маңында бөтен адамның жүргені туралы хабар түскен.

Лейтенант Берік Нұрахметов ұйымдастырған сауатты іздестіру іс-шараларының нәтижесінде шекара бұзды деп күдік келтірілген адамның орнына жаңбырлы күні далаға шығып адасып кеткен 11 жастағы «Т» атты жергілікті тұрғын табылды. Шекарашылар баланы бөлімшеге жеткізіп, ыстық шай мен құрғақ киім берген. Артынан Мамлют ауданының учаскелік инспекторы полиция майоры К.Т. Исинмен бірге баланы оның ата-анасына тапсырған.

«Естеріңізге сала кетейік, Қазгидрометтің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы салқын, кешке және түнде күн минус 14 градусқа дейін төмендейді. Өзіңізге және жақын туыстарыңызға мұқият болыңыз!»,-делінген шекарашылар таратқан мәліметте.

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1304850
Пікірлер

Көрші сілтемелер