Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Сергек» камералары «қауіпті автокөліктерді» анықтайды - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат.



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 23:25 - 2020/11/18

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/88553/%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5%d0%ba-%d0%ba%d0%b0%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d2%9b%d0%b0%d1%83%d1%96%d0%bf%d1%82%d1%96-%d0%b0%d0%b2%d1%82%d0%be%d0%ba%d3%a9/


Иелері жүргізуші куәлігінен айырылған көлік құралдарының нөмірлерін енді жүйе анықтайды.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Телеграм арнасында жазды.

«Егер жолдағы камералар мұндай машиналарды анықтаса, олардың қозғалысы туралы ақпарат бірден полиция қызметкерлеріне түседі.  Жүйенің мүмкіндіктері ағыннан «қауіпті автокөлікті» жақын маңдағы полиция бекетінен 3-6 км қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді.  Әрі қарай, мұндай жүргізушінің бағытын бірнеше секундқа дейін есептеуге болады», – деді Малика Бектұрова.

Екі аптадан астам уақыт ішінде елордалық полиция қызметкерлері алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 108 адамды жауапқа тартты.  Олардың тоғызы бұрын жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1304841
Пікірлер

Көрші сілтемелер