Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жоғалып кеткен бала ес-түссіз жатқан әкесінің қасынан табылды - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 19:50 - 2020/11/18

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/88533/%d0%b6%d0%be%d2%93%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%bf-%d0%ba%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%b5%d1%81-%d1%82%d2%af%d1%81%d1%81%d1%81%d1%96%d0%b7-%d0%b6%d0%b0%d1%82%d2%9b%d0%b0%d0%bd/


Новосибирскіде жоғалып кеткен төрт жасар қыз бала ес-түссіз жатқан әкесінің қасынан табылды,  деп хабарлайды РЕН ТВ

Қызынан ұзақ уақыт хабар ала алмаған анасы оған бейнеқоңырау шалған Телефонның қуаты таусылуға таяп қалса да, бала қоңырауға жауап беріп, қайда отырғанын көрсетіп үлгерген.

Әйел қатты тоңып қалған баласының көлікте отырғанын, айналасында көпқабатты ғимараттар және дельфиннің суреттері ілініп тұрғанын көрген.

Анасы жылаған баласына көлік жанынан өткен бірде-бір адам көмектеспей, өз шаруаларымен кетіп бара жатқанын байқап қалады. Алайда телефонның қуаты таусылып, сөніп қалған.

Қызын содан кейін шарқ ұра іздеуге кіріскен анаға еріктілер көмекке келген. Сол күні кешке қыз баланы Троллейный тұрғын алабындағы тұрғындар тауып алған. Бала көлікте әбден тоңып қалған, ал әкесі қасында ес-түссіз жатқан. 37 жастағы ер адамның есірткі қолданғаннан кейін есінен танып қалғаны анықталды.

Қазір қыз баланың жағдайы жақсы.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1304747
Пікірлер

Көрші сілтемелер