Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Гарвард университеті тегін онлайн курс өткізеді - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалық



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 18:25 - 2020/11/18

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/88422/%d0%b3%d0%b0%d1%80%d0%b2%d0%b0%d1%80%d0%b4-%d1%83%d0%bd%d0%b8%d0%b2%d0%b5%d1%80%d1%81%d0%b8%d1%82%d0%b5%d1%82%d1%96-%d1%82%d0%b5%d0%b3%d1%96%d0%bd-%d0%be%d0%bd%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%bd-%d0%ba%d1%83/


Пандемия арақашықтыққа қарамастан сапалы білім алуға боларын дәлелдеді. Мысалы, Гарвард  университетінің 5 тегін онлайн курсына қатысуға болады. Белгілі ғалымдар жүргізетін қызықты деректер мен тәжірибеге толы сабақ өтеді.

Massaget порталының мә­лім­етінше, алғашқысы – про­фессор Сэнделдің «Әділет» он­лайн курсы. Курстың оқу мер­зімі – 12 сағат. Орыс тіліне ау­дарылған курсқа қазіргі сот практикасындағы істерді енгізген. Әрі саяси философия туралы клас­сикалық шығармаларды оқи­сыз. Одан кейінгісі – «Нейро­биология негіздері» онлайн кур­сы. Профессор Дэвид Кокс биоэлектризмнің, нейрон желілері мен нейрондар арасындағы бай­ланыс жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, сигналдардың миға қалай еніп, өңделетінін түсіндіреді. Оқу циклі үш бөлімнен тұрады.

Университет бағдарламалау тілін түсінгісі келетіндерге «CS50: бағ­дарламалау негіздері» атты 12 апталық курс ұсынады. Мұны профессор Дэвид Маллон қарапайым тілмен түсіндіріп, әдіс-тәсілдерді үйретеді. Ал «Оқу көшбасшысы» онлайн курсы ағылшын тілін еркін меңгергісі келген әрбір адамға пайдалы болмақ. «Әлем әдебиетінің жау­һарлары» курсына келсек, Гарвард университеті гаджетке «байланған» қоғамды бір сәт кітап оқып, рухани демалуға шақырады. Қызығы, аталған курсқа қатысушылар әлем­дегі ең қиын әдеби туынды­лар­ды талдап, жалықпай оқуға бейімделеді.

Айбике ЖАНАСЫЛ

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1304691
Пікірлер

Көрші сілтемелер