Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мүмкіндігі шектеулі жанға ауылдастары үй салып берді - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жа



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 22:50 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/80679/%d0%bc%d2%af%d0%bc%d0%ba%d1%96%d0%bd%d0%b4%d1%96%d0%b3%d1%96-%d1%88%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d1%83%d0%bb%d1%96-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d2%93%d0%b0-%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0/


Қызылорда облысы Қазалы ауданында жергілікті тұрғындар мүмкіндігі шектеулі отбасыға үй салып берді.

Орысбай Науқанбаев ауданға қарасты Қ.Пірімов атындағы ауылда тұрады. Екінші топ мүгедегі. Әйелі де  мүмкіндігі шектеулі жан. Олар тұратын үйді жыл сайын су басып қалады екен. Биылғы көктемде нөсер жаңбыр суы үй ішіне кіріп, баспанасы жарамсыз болып қалған. Ал ауылдастары оларға үй салып беруге шешім қабылдады.

үй

«Жерлестері ағамызға үй салу жөнінде шешімге келдік. Алғашқыда санаулы азаматтан қаржы жинайтын болып келісілген. Алайда біз әлеуметтік желі беттерінде қысқаша ақпарат жарияладық. Содан кейін осы ауылда дүниеге келген, қазір еліміздің әр түкпірінде жүрген азаматтар да көмек қолын созатынын жеткізді. Небәрі үш күнде қомақты қаржы жиналды. Осылайша игілікті іске сыртта жүрген және ауылдағы ағайын бірге жұмылды. Асарға күніне 100 адамға дейін жиналған уақыт болды», – дейді мектеп мұғалімі Сәбит Ықыласов.

үй

Жерлестерінің жанашырлығы арқасында мүмкіндігі шектеулі отбасы жайлы баспанаға қол жеткізді деп жазады ҚазАқпарат. Жаңа үйге кірген О.Науқанбаев жанашыр жандарға алғыс айтты.

Мүмкіндігі шектеулі жанға ауылдастары үй салып берді
үй

Фото: ҚазАқпарат

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1282842
Пікірлер

Көрші сілтемелер