Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бурабайдағы өртті сөндіру үшін тікұшақ іске қосылып, әуеден бақылау жүргізіліп жатыр - Aikyn.kz | Жа



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 18:00 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/80640/%d0%b1%d1%83%d1%80%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d3%a9%d1%80%d1%82%d1%82%d1%96-%d1%81%d3%a9%d0%bd%d0%b4%d1%96%d1%80%d1%83-%d2%af%d1%88%d1%96%d0%bd-%d1%82%d1%96%d0%ba%d2%b1%d1%88/


«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы орман алқабы өртенді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 17 қазанда шыққан. Шөп өртеніп, қатты жел салдарынан үлкен аумаққа таралған.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жұмысшылары мен аумақтық ТЖД жеке құрамынан 107 қызметкер және 16 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» АҚ бір өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрт 70 гектар аумақты шарпыды», – деді департаменттен.

Жалын бүгін таңғы сағат 05:40 кезінде ауыздықталды. Қазір «Қазавиаорманкүзеті» мемлекеттік мекемесінің тікұшағы арқылы өрт болған аумаққа әуеден бақылау жүргізіп жатыр.

өрт
Фото: ашық дереккөзден

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1282768
Пікірлер

Көрші сілтемелер