Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Кен орнында 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, қаза тапты - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 13:25 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/80607/%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d0%be%d1%80%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-33-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%81%d1%88%d1%8b-%d1%82%d0%be%d0%bf%d1%8b%d1%80%d0%b0%d2%9b-%d0%b0/


«Қазақалтын» кенішінде 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ Бестөбедегі кенішіндегі жаңа шахтада болған. 17 қазанда өндірістік жұмыстар кезінде топырақ опырылып кеткен. Салдарынан кәсіпорынның 1987 жылғы жұмысшысы топырақтың астында қалып қойды. «Оқиға сағат 12:30 орын алды. Сол кезде «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ құтқару отряды ер адамды топырақ үйіндісінің астынан алып шықты. Алайда ол Степногор қалалық ауруханасында көз жұмды», – дейді Степногор қалалық ТЖ басқармасының бастығы Еркебұлан Есенжолов.

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1282696
Пікірлер

Көрші сілтемелер