Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Медеу ауданының әкімі тағайындалды - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 16:25 - 2020/09/15

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/72065/%d0%bc%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d1%83-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d1%96-%d1%82%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b/


Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың өкімімен Президент Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімі бойынша Әсет Масабаев Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ә.Масабаев 1985 жылы дүниеге келген. Алматыдағы Энергетика және байланыс институтының, Экономика және құқық академиясының, Мәскеу қаласындағы ресейлік Халықтар достығы университетінің түлегі.
Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы электр станциясында» электромонтер болып бастаған. 2008 жылдан 2010 жылдары «Наз» ЖШС-де бас энергетик, «Алмаз және КЮС» ЖШС-де техникалық директор болып еңбек еткен.

2010-2013 жылдары Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жұмыс істеп, жылумен қамту бөлімінің бастығына дейінгі дәрежеге жеткен. Жетісу және Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының, Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болған.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1260680
Пікірлер

Көрші сілтемелер