Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елорда: 47 жобаның 14-і ғана іске асқан - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 15:50 - 2020/09/15

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/71779/%d0%b5%d0%bb%d0%be%d1%80%d0%b4%d0%b0-47-%d0%b6%d0%be%d0%b1%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%a3-14-%d1%96-%d2%93%d0%b0%d0%bd%d0%b0-%d1%96%d1%81%d0%ba%d0%b5-%d0%b0%d1%81%d2%9b%d0%b0%d0%bd/


 

9 балабақшаның
құрылысы басталмаған

Тексеру комиссиясының тө­ра­ғасы Иманжүсіп Ақпомбаевтың айтуынша, 2017 жылмен салыс­тыр­ғанда МЖӘ-нің іске асыры­лып жатқан жобаларының тө­мендеу үрдісі анықталыпты. Мысалы, егер 2017 жылы жалпы сомасы 32 млрд теңгеден астам қаржыға 7 жоба іске асырылса, 2019 жылы жалпы сомасы 10 млрд теңгеге жуық қаржығы барлығы 4 жоба ғана іске асырылды. Бұған бюджеттік бағдарламалар әкім­шілері МЖӘ жобаларының сапа­сыз жоспарлануы әсер еткен.

«Ал МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қа­былдау бөлігінде оң динамика байқалады. Егер 2017 жылы МЖӘ шарттарымен барлық 7 жоба бо­йынша 32 млрд теңгеден астам сомаға міндеттеме қабылданса, 2018 жылы 3 жобаның 2-еуі бо­йын­­ша 5 млрд теңгеге ғана мін­дет­­теме қабылданды. 2019 жы­лы жа­салған 4 МЖӘ шартының бар­лығы бойынша мемлекеттік мін­дет­теме қабылданбаған, бұл жер­гі­лікті бюджетке түсетін жүк­­­­­те­­­ме­нің тө­мендегенін көр­сетеді», – дейді Тексеру комиссия­сы­ның төрағасы.

Мемлекеттік аудит бары­­сын­да бала­бақшалар салу бойын­­­­­­ша 11 жобалық-сме­талық және техника­лық құжаттаманы әзір­­­­­леуге жергі­лікті бюджеттен 312 млн 63,9 мың теңге жұм­сал­ға­нын, соның ішін­де жал­пы сомасы 259 млн теңгеге 9 жоба бойынша құрылыс әлі бас­тал­мағаны анық­талды. Бұл жоба­ларға 2014-2015 жыл­дардағы мем­­лекеттік ве­домст­во­дан тыс сарап­таманың оң қо­ры­тынды­лары бар. Қазіргі уақытта аталған жобалық-сме­талық және техни­калық құжат­тар ескірген. Демек, балабақ­шалар салу бойынша 9 жобалық-сме­талық және техни­калық құ­жат­таманы әзір­леуге жұм­салған 259 165,2 мың теңге тиім­сіз пай­даланылған болып шы­ғады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқар­масының 4 жобаны іске асырмауы да бюджет қаража­тының тиімсіз жоспар­ланғанын көрсетеді. Ал бұл аз ақша емес. Конкурстық құ­жат­тарды әзір­леуге және кон­сультациялық сүйе­­­мелдеуге 42 млн теңге жұм­салған.

Есте болса, осыдан үш жыл бұрын елордада ақылы авто­тұ­рақтар туралы мәселе жиі ай­тылды. Сол ақылы автотұ­рақтар да МЖӘ арқылы жүзеге асыры­латын бол­ған. Ендігі қызықты қараңыз, Ас­тана қа­ласы әкім­дігінің 2017 жыл­ғы 22 мау­сым­дағы №108-1325 «Ел­орда­дағы көлік құралдарын тұ­раққа қою үшін ақы алуға және оларды тұ­рақ­қа қою уақытын есеп­ке алуға арналған арнайы серти­фи­кат­талған құрыл­ғы­лармен жаб­дық­тал­ған орын­дарды бел­гілеу ту­ралы» қаулы­сына өзгеріс енгі­зу туралы құжат қабыл­данбай қал­ған. Ал осы қаулыға енгі­зілмеген тұрақ орын­дары бойын­ша төлем алы­нып кел­ген. Сондай-ақ тестілік ре­жимде жұ­мыс істейтін тұрақ орын­дарына да төлем алынбауы тиіс болатын, алайда бұл туралы халық­ты ха­бар­дар ету жұмысы тиісті дең­гейде жүргі­зілмеген.

Елордадағы МЖӘ сала­сын­дағы мем­лекеттік аудит нә­ти­жесі бойын­ша жалпы сомасы 42 млн тең­геден астам бюджет қара­жатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, 58 рәсімдік бұзу мен 14 кем­шілік анықталды. Мем­лекеттік аудиттің бір материалы процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсыруға ұсынылды.

 


Жарты жылда
109 лауазымды тұлға заң бұзған

Біз жоғарыда бір саладағы қар­жының жұмсалуына қатысты анық­­талған кемші­ліктер туралы сөз еттік. Ал басқа салаларда қан­­­­дай жағдай қалыптасып отыр? Бұл сауал­­дың жауабын Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру ко­мис­сиясының осы жыл­дың ал­ғашқы жарты жыл­­дағы бюджет қаржы­сының жұм­салуына жүр­гізген тек­серу қо­ры­тындысынан білуге ты­ры­самыз. Бұл тексеру «Мем­лекеттік аудит және қар­жы­лық бақылау туралы» заңға сәйкес жүргізі­летінін айта кеткен жөн. Соны­мен, жыл басынан бергі 6 айда Тексеру ко­миссиясы жалпы сома­сы 189 млрд 713,0 млн теңге болатын 40 ны­санды тексерді. Аталған қар­жының 133 млрд 929,0 млн теңгесі мем­лекеттік орган­дарда, 55 млрд 784,0 млн теңге квазимемлекеттік сектор субъек­тілерінде игеріліп жатыр. Ауди­тор­лық іс-шара қоры­тын­дысында 17 млрд теңгеден астам қаржыға қатыс­ты заңбұ­зушылық анық­талды. Оның ішінде қар­жы­лық бұзушылықтар – 8 млрд 735,2 млн теңге, бюджет қара­­жа­тын тиімсіз пайда­лану – 4 млрд 468,5 млн теңге және тиім­­­сіз жос­парлау – 4 млрд 273,9 млн теңге бо­лып­ты. Ал аудит объек­тілерінің қызметіне қатысты рәсімдеулерге қатысты 938 заң бұзу мен кемшілік анықталған.

balabaksha1

8 млрд 735,2 млн теңгенің 5 млрд теңгеден астамы өтелді. Бюд­жет қаржысын жұмсау ке­зін­де заң бұзуға жол бергені үшін 109 лауазымды тұлғаның 49-ы тәртіп­тік жауапкершілікке, 60-ы әкім­шілік жауап­кершілікке тар­тылды. Әкім­шілік жауап­кер­ші­лік­ке тар­тыл­ғандарға жал­пы сомасы 8,3 млн теңге айып­пұл салынды. Құқық қорғау ор­ган­дарына 4 материал жөнел­­тілді.

Тексеру комиссиясы жергі­лікті атқ­арушы органдарға, уәкі­летті органдарға, мем­лекеттік басқару органдарына және аудит объек­тілеріне анықталған бұзу­шы­лық­тарды және жұмыс­тағы кем­шілік­терді жою бойын­ша 22 ұсы­ным мен 157 тап­сырма жол­даған.

Иманжүсіп Ақпомбаев ауди­торлық іс-шаралардың қоры­тын­дысы аудит объек­тілерінің қызме­тінде жекелеген жүйе­лік кемші­лік­тердің бар екенін көр­се­тіп отырға­нын айтады. Мы­салы, аумақты дамыту жос­парында және Білім басқар­масының бюд­жеттік бағ­дар­­лама­ларында көр­сетілген көр­сет­кіштердің бір бөлігі Білім және ғылым саласын дамы­тудың мем­лекеттік бағдар­ла­масында бекі­тіл­ген көрсет­кіш­терге сәйкес келмей­ді екен. Ел­орданың білім беру жүйе­сінің да­муы балалар санының едәуір өсуімен сипат­талады, соңғы 3 жылда елорда халқы 10,2%-ға өсті, осы кезеңде жалпы білім бере­тін мектептердегі оқушылар саны 26,6%-ға, балабақ­ша­лардағы тәрбие­ленушілер саны 5,9%-ға өсті. Жалпы, астананың білім беру ұйым­дарында орын тапшылығы ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан жүйелі проблема.

Мұндай кемшіліктерге неге жол бері­леді? Тексеру комис­сиясы өкілдерінің пайы­мынша, бірінші кезекте қаржылық тәр­тіп дең­гейінің жеткіліксіздігі себеп дейді. Сонымен бірге бюд­жеттік бағдар­ламалар әкімшілері арасында тиісті өзара іс-қимыл­дың жоғы да ықпал етеді екен. Сосын, әрине ведомст­волық бағынысты ұйым­дардың қызме­тіне бақы­лаудың жоғы маман­дардың босаң­сып кетуіне себеп болып тұр. Ал Integrity Аstana ұйымының же­текшісі Жанат Нұрғалиевтің айтуынша, бар мәселе кәсіби біліктілік пен жауап­­­кер­шілікте. Бюджет бағ­дар­­ламасы сауатты жа­салса, ба­­сы артық қаржы ысы­рап бол­майды. Бюджет бағдар­ламасын орындауға тарап­тардың жауап­кершілігі жоға­ры болса, бір тиын да шашау шық­пайды, ең бас­тысы, жоба сапалы орын­далады. Өкі­нішке қарай, әзірге олай болмай тұр. Әйт­песе, жар­ты жылда 109 тұлға жауап­кер­шілікке тартылмас еді…

 

халимаХалима БҰҚАРҚЫЗЫ

 

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1260643
Пікірлер

Көрші сілтемелер