Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алты облыста дауыл соғып, нөсер жаңбыр жауады - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықта



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 08:00 - 2020/09/15

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/72295/%d0%b0%d0%bb%d1%82%d1%8b-%d0%be%d0%b1%d0%bb%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0-%d0%b4%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb-%d1%81%d0%be%d2%93%d1%8b%d0%bf-%d0%bd%d3%a9%d1%81%d0%b5%d1%80-%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b1%d1%8b%d1%80/


Кей аймақта дауыл соғып, бұршақ жауады деген болжам бар.

«Қазгидрометтің» болжамынша, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні күндіз 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, желдің екпіні 25 м/с-ке дейін артуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, күші күндіз 23 м/с-ке дейін дауыл соғуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде дауыл соғып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Алматы, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Павлодар облысының батысында жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау, Алматы облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1260272
Пікірлер

Көрші сілтемелер