Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Стратегиялық әріптестік нығая бермек - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 07:50 - 2020/09/15

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/72271/%d1%81%d1%82%d1%80%d0%b0%d1%82%d0%b5%d0%b3%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d3%99%d1%80%d1%96%d0%bf%d1%82%d0%b5%d1%81%d1%82%d1%96%d0%ba-%d0%bd%d1%8b%d2%93%d0%b0%d1%8f-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%bc%d0%b5/


Тараптар екіжақты ынтымақ­тастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ықпалдастықты, COVID-19 індетінің таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылдарды үй­лестіру мәселелерін тал­қылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев тығыз саяси диалогке және өзара тиімді сауда-эко­но­микалық ынты­мақтастыққа негізделген қазақ-қытай қа­тынастарының даму қарқыны мен достық бай­ланыстарды жо­ғары баға­лады.

Мемлекет басшысы эконо­миканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды, соның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. «Қазақстандық өнім өндіру­шілердің ауыл шаруашылығы бойынша Қытайға экспорттай­тын өнімдерінің, атап айтқанда дәнді және майлы дақылдардың номенклатурасы үлкен».

Президент жан-жақты стра­те­гиялық серіктестікке қосым­ша серпін беру мақсаты­мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді Қа­зақстанға сапармен келуге ша­қырғанын нақтылады.

Ван И өз кезегінде Қытай басшысының жылы лебізі мен ауызша сәлемдемесін жеткізді. Си Цзиньпиннің айтуынша, «Қа­зақстан – аймақтағы маңыз­ды стра­тегиялық серіктес және Қытай екі ел халықтарының игі­лігі жолында өзара ынты­мақ­тас­тық­ты жан-жақты нығайтуға әзір».

Қытай дипломаты «ҚХР бас­шылығы Қазақстан Президенті жариялаған Қазақстан қоғамы­ның қажеттіліктерін ескере оты­рып, саяси және әлеуметтік-эко­номикалық жаңғыртуларға бағытталған реформаларды құп­тайды», – деді.

Сонымен қатар Ван И ҚХР-дің екіжақты күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылатын Қазақстанмен сауда-экономи­калық байланыстарды кеңейтуге зор көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда, Ван И Қазақстан делегациясын Қытайда өтетін EXPO Халықаралық импорт көрмесіне қатысуға шақырды.

Әңгімелесу барысында та­рап­тар халықаралық өзекті мәсе­лелер бойынша, атап айт­қанда корона­вирус инфек­циясына қарсы іс-қимыл сала­сындағы ынтымақтас­тық жө­нінде де пікір алмасты. Мем­лекет басшысы Қытай тара­пына уақы­тылы көрсетілген гуманитарлық және медициналық көмек үшін алғыс білдіріп, пан­демияға қар­с­ы күресте бірлескен шара қол­дануға әзір екенін айтты.

Кездесу соңында тараптар ұзақмерзімді жан-жақты стра­тегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін біл­дірді.

 

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1260267
Пікірлер

Көрші сілтемелер