Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Блок-бекеттерде 700-ге тарта полицей жұмыс істеуде - Aikyn.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 23:00 - 2020/06/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/blok-beketterden-keri-qajtyp-zhatqan-kimder/


Алматыда блок-бекеттер әдеттегідей күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Елде төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, карантин режимінің сақталатыны туралы ақпаратты дұрыс түсінбеген көпшілік әлі де болса қаладан облыс аумағына немесе керісінше облыстан қала аумағына кіруге әрекет етіп жатқаны байқалады. Біз қаладағы блок-бекеттің біріне барып жағдайды біліп қайттық.

блокпост

Бұл – қаладағы ең үлкен бақылау-өткізу бекеті. Өйткені қаланы азық-түлік және жеміс-көкөніспен қамтамасыз ететін ең үлкен сауда орталығы –  «Алтын Орда» базары осы жерде орналасқан. Оның үстіне, Алматы облысының Қарасай және Жамбыл ауданында тұратын және қалаға қатынап жұмыс істейтіндердің басым бөлігі осы бекеттен өтеді.

Қазіргі таңда бақылау-өткізу пункттерінде полицейлер саны артқан. Қала периметрі бойынша блок-бекеттерде 700-ге тарта полицей жұмыс істеуде. Блок-бекеттерге волонтерлар да тартылған.

Қалаға немесе облыс аумағына жұмыстарына асыққандарды полицейлер қалаға уақытша тіркелгенін немесе анықтамасын тексеріп, медицина-санитарлық қызмет өкілдері ыстығын өлшеп, талапқа сай келетіндерін блок-бекеттен өтуіне рұқсат беріп тұр. Арасында рұқсатнамасын көрсетіп, еш кедергісіз блок-бекеттен өткендер де немесе кері қайтып жатқандар да бар.

блокпост

 

– Бүгін жұмысқа шықсақ деп ойлағанбыз, дегенмен блок-бекеттен өте алмадық. Жұмыс орнымыз Алматы облысының аумағында орналасқан. Мақта-жүн түтетін цехта жұмыс істейміз. 2 айдан бері жұмысқа бара алмай қалдық. Қалада тіркеудемін. Блок-бекеттегілер жеке куәлігімізді алып, ЖСН-ді тексеріп, өтуге болмайтынын айтты. Облыста жұмыс істейтініміз жөнінде анықтама сұратып жатырмын, рұқсат берсе өтеміз, болмаса тағы да үйде боламыз. Жұмысшылардың пәтерақысын төлеп, тамағын алып беріп, уақытша демалысқа шығарғанбыз. Жұмыс жүрмеген соң оларды ұстап тұру  қиын болып тұр. Еңбекақы төлеу керек. Қарамағымда 6 адам жұмыс істейді. 2 айдағы қарызымыз 1 миллион 200 мың теңгеге жетті, –  дейді жеке кәсіпкер Шалқар ҚАУАН.

 

 

Оның айтуынша, жұмысшылардың күнделікті тамағы, жүріп-тұрғаны бәрі кәсіпкердің мойнында. Жұмыс тоқтағанмен әрқайсысына күніне 2 500 теңгеден береміз деп шешкен. Егер жұмыс тұрақты жүрсе, есеп айырысамыз деп келіскен.

– Карантин болмас бұрын «Алтын Орда» базарына келіп, азық-түлік алып қайтатынбыз. Бүгін бұл жерге блок-бекет ашылды екен деп білместікпен келіппіз. Блок-бекеттен өте алмадық. Күзетте тұрған полицейлер тек көтерме-саудамен айналысатындар базарға бара алатынын айтты. Олар қаладағы дүкендер мен базарларға азық-түлік тасиды екен, – дейді қала тұрғыны Мәлика МЕДЕТ.

 

 

Бір байқағанымыз, блок-бекеттен тек рұқсаты барлар өте алатыны туралы ақпарат әлі көпшіліктің құлағына жетпеген сыңайлы.

Өйткені біз бақылау жасаған бірер сағатта блок-бекеттен өте алмай, кері қайтып жатқандардың қарасы көп болды. Әйтсе де, қолында рұқсаты немесе ауруханадан анықтамасы барларға ешқандай шектеу қойылып жатқан жоқ. Бекітілген алгоритмге сәйкес арнайы деректер қорына облыстың тұрғыны болып тіркелген, бірақ қалада жұмыс істейтін кәсіпорындардың ұсынысы бойынша рұқсат етілгендер блок-бекеттерден еш кедергісіз өтуде.

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1206713
Пікірлер

Көрші сілтемелер