Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда кредит төлеу мерзімі тағы да ұзартылды - Aikyn.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 20:50 - 2020/06/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/qazaqstanda-kredit-toelew-merzimi-taghy-da-uzartyldy/


Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова 16 наурыздан 15 маусымға дейін жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері үшін несиелер бойынша төлемдердің мерзімі ұзартылғанын хабарлады.

Осы кезеңде бұл мүмкіндікті 1,8 миллион борышкердің 34 пайызы пайдаланған. Мерзімі ұзартылған төлемдердің сомасы – 268 миллиард теңге.

Несиені қайта құрылымдау үшін 12,4 мың ШОБ субъектісі мүмкіндікті пайдаланған. Бұл – банктік несиелері бар ШОБ қарыз алушылардың 41,5 проценті. Жалпы сомасы – 165 миллиард теңге.

«Төтенше жағдай режимі аяқталса да, кәсіпкерлердің жұмысы толықтай қайта қалпына келген жоқ. Тауарлар мен қызметтерге сұраныс көлемінің қысқарды. Қаржы айналымы мен ақшалай түсім төмендеді. Демек алынған кредиттер бойынша міндеттемелерге қызмет көрсету мүмкіндігі төмендеді. ШОБ субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары іске асырылып жатыр. 2020 жылғы 16 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін ШОБ субъектісі банкке немесе микроқаржы ұйымына қосымша қолдау шараларын ұсыну туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Кредиттік ұйымдар әрбір кәсіпкер бойынша оның қаржылық жағдайын, ТЖ мен карантиннің қаржы-шаруашылық қызметіне әсерін және ШОБ субъектісінің қаржылық жай-күйін қалпына келтіру перспективаларын жеке бағалайды. Нашарлаған жағдайда қолдаудың екі бағыты ұсынылады», – деді Мәдина Әбілқасымова.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1206652
Пікірлер

Көрші сілтемелер