Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жаңа экономикалық бағыт жарияланады - Aikyn.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 19:50 - 2020/06/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/zhanga-ekonomikalyq-baghyt-zhariyalanady/


 Палаталардың бір­лес­кен отырысында Сенат пен Мәжіліс депутаттары Үкімет пен Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін бекітті. Жиынға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева қатысты.

Жылда депутаттар жазғы демалысқа кетер алдында бір­лескен жиынға жиылып, Үкіметтің өткен жылғы бюджетті қан­шалықты тиімді жұмсағанын қарайды. Егер тиісті есеп мақұл­данса, демек депутаттық корпус іс басындағы Үкіметке сенім біл­дірді деген сөз. Егер Ата заң­дағы құқығын пайдаланып, қабыл­дамай қойса, Үкімет отставкаға кеткені жөн.

Бірлескен отырыста басты баяндаманы Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов пен Есеп комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Теңгебаев жасады.

«Үкіметтің 2019 жылғы есебі толық көлемде орындалды. Қара­жатты игерудің жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Жекелеген бұзу­шылықтар іс жүзінде жойыл­ды. Сондықтан енді Үкіметпен бірлесіп, мемлекеттік ресурс­тардың уақытылы игерілуіне ғана емес, сонымен бірге нәти­желі жұмсалуына мүмкіндік бе­ретін басқа да мәселелерді сапалы шешуге кірістік. Мұндай мә­селелер көп. Олар бюджет процесін жетілдірумен және жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізу үшін бөлінген қаражаттың әсерін бағалау әдіснамасын түзумен байланысты. Сондай-ақ Есеп комитеті берген нұсқамаларды әкімшілердің орындауын Үкімет қатаң бақылауға алуы тиіс. Сонда қатемен жұмыс істеу, болашақта олардың алдын алу, экономикалық шешімдерді қабылдау жаңа сапалы деңгейде қамтамасыз етілетін болады», – деп қысқа қайырды А.Теңгебаев.

Жиын соңында Үкімет бас­шысы Асқар Мамин сөз алып, депутаттарға ризашылығын білдірді. Ол Үкіметтің қазіргі жұмысына екпін түсірді. Премьер-Министрдің мәліметінше, Қа­зақстанның ЖІӨ-сі 1,7%-ға төмендеп, экономика кері кетті. ТЖ және карантинге байланысты қызмет көрсету секторы 6,2%-ға құлдырады. Сол себепті Үкіметтің басты міндеті  экономиканың өсім жолына қайта оралуы үшін жағдай жасау болмақ.

А.Мамин Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасын орын­дау үшін төтенше жағдай кезеңін­де экономиканы тұрақтан­ды­руға және халықты қолдауға бағытталған шұғыл және жедел шаралардың 2 топтамасы қабыл­данғанын жеткізді. Еңбекпен қамту Үкімет жұмысының ба­сым­дығына айналды. Бұған қоса, 2020 жылы экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр.

– Парламент қабылдаған заңдар экономиканы тұрақтан­дыруға және оның ары қарай дамуы үшін жағдайлар туғызуға мүмкіндік береді. Мемлекет бас­шысы қойған міндетті орын­дау мақсатында 1 тамызға қа­рай Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жос­пары­ның жаңа жобасы қалыптас­тырылады. Құжатта еліміздің жаңа экономикалық курсының не­гізгі бағдарлары анықталады. Парла­менттің қолдауымен Үкімет ел болашағы үшін төтенше маңызды және жауапты кезеңнен өтуге барлық күшін салатын болады, – деп уәде етті Асқар Мамин.

 

А.ШӘРІП

 

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1206613
Пікірлер

Көрші сілтемелер