Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


әл-Фараби және ХХІ ғасырдағы Қазақстан - Aikyn.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 19:25 - 2020/06/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/ael-farabi-zhaene-hhi-ghasyrdaghy-qazaqstan/


 Ол заманда бү­гін­гідей білім, ғылым қолжетімді емес. Соған қарамастан, бала Фарабидің дарыны, білімге құштарлығы, еңбекқорлығы биік деңгейге жеткізді. Фараби бабамыздың кіндік қаны тамған жер – бүгінгі Түркістан облысы. VIII ғасырда Түркістан, Отырар өңірінде өркениеттің, білім, ғылым, мәдениет, сауда-саттықтың орталығы болып, қала мәдениетінің, азаматтық қоғамның жетілген үлгісін көрсетті. Біз, қазақ халқы Фарабидің еңбектерін, рухани мұрасын толықтай түсініп, зерттеп болғанымыз жоқ. Ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің биылғы 1 150 жылдығы үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, әр ғылым саласының мамандары, профессорлар өздеріне қатысты дәнді алып, ұрықтандырып кеңінен насихаттауы қажет деп санаймын. Қазіргі кітапханаларда тұрған еңбектер Кеңес заманында жазылып шық­қан кітаптар. Көбісі орыс тілінен аударылған. Олардың қандай сапада жазылғанын білмедім, бірақ түсіну, ұғыну қиын екенін көпшілік айтып жүр.

«Мемлекет қайраткерлерінің афоризмдері» еңбегінде «тәнді емдейтін – дәрігер, ал жанды ем­дейтін – елді басқаратын мем­лекеттік қайраткер» деп жазады. Мемлекеттік қайраткер мемле­кеттік «басқару өнері» арқылы және билеуші «билеу өнері» ар­қылы қай жерде және кімге қол­дану керек немесе қолданбау ке­регін біледі. Адамдардың ден­саулығын, жаны мен тәнінің сау­лығын қамтамасыз ете алаты­нына аса мән беру керегін ес­керткен. Мемлекет қайрат­кері­нің адам өмірінде алатын рөлі мен маңызына өте үлкен сенім артқанын көреміз.

Негізінде, мемлекеттік қай­раткер, қызметші кім? Ол – ха­лықтың сенімін арқалаған жал­дамалы адам. Демек, мемлекеттік қызметкер – қоғамдағы, қала­дағы адамдардың жаны мен тә­ніне, қауіпсіздігіне жауап бере­тін, лайықты өмір сүру жағдайын жасайтын лауазым иесі. Көп дүниеге тәуекел етіп, шектелген адам. Мемлекеттік қызметкер бо­лу өте қиын шаруа. Оны шы­ғар­машылық ізденіс пен өнер деп қабылдаған жөн. Мемле­кет­тік қызметкер халыққа адал қыз­мет етемін деп ант береді. Бірақ өкінішке қарай, антқа қиянат жасап, негізгі міндетін ұмытып жатады. Күнделікті өмірде ондай құбылыстарды көріп, естіп жүрміз.

«Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегінде адамдар қоғам болып өмір сүре бастайды. Сол қоғамды үшке бөледі Фараби бабамыз. Үлкен, орташа және ша­ғын қоғам. Үлкен қоғам – жерде тіршілік ететін барлық адамдар қоғамының жиынтығы, орташа қоғам – адамдардың жердің бір бөлігінде ғана бірігуі, ал кіші қоғам – бұл кішкентай қала, ауыл тұрғындарының бі­рігіп, ұйымдасуы. Қоғамның ең кемелденген формасын «қала» деп санайды. Ойшылдың ай­туынша, биік игілік пен жоғары кемелдікке бірінші кезекте ке­мел­денудің соңғы сатысында тұрған қоғам емес, қала қол жет­кізеді. Ал қала әртүрлі бола­ды, ол көбінесе қандай адам бас­қара­ты­нына байланысты. Себебі адам­дар қоғамға өз еркімен еркін бі­ріккендер. Сәйкесінше, адам­дар жаман істерді тындыру үшін, зұ­лымдық жасау үшін де бірігуі мүмкін. Ұйымдасқан топ құрып, мемлекетті, халықты алдай­тын­дарды айтса керек. Қала – жа­сан­ды орта. Қалада ойыңа ­кел­генді істеу мүмкін емес, бір адам­ның оғаш қылығы, әрекеті басқа бі­­реудің құқығына, тағ­дырына, өмі­ріне қауіп төндірсе не болғаны?!

Солардың ішіндегі неғұрлым кемелденген қала – бұл ізгі қала. Бұл жерде адамдар бір-біріне өзара көмектесу үшін, өздері кемелдену үшін, ортақ бақытқа қол жеткізу үшін бастарын қосады. Ғұлама салауатты, ізгі қаланы барлық дене мүшелері үйлесімді қызмет ететін сау адамның денесіне балайды.

Ізгі қала тұрғындарының екі тобы бар. Біріншісі – ізгі адам­дар. Олардың барлық ойы ізгілік, мейірімділік, әділеттілік. Өз ер­кін басқа тұрғындармен бай­ланыстырып, дос, бауырма­шылдық қағидатымен өмір сү­ретіндер. Бекітілген тәртіпке ба­ғынып, бір-бірін сыйлайды. Қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қол ұшын беріп, жәрдемдеседі. Ондай адамдар – ізгі қаланың тұрғындары. Сіз де сондай ізгі адамсыз ба?

 

Солардың ішіндегі неғұрлым кемелденген қала – бұл ізгі қала. Бұл жерде адамдар бір-біріне өзара көмектесу үшін, өздері кемелдену үшін, ортақ бақытқа қол жеткізу үшін бастарын қосады. Ғұлама салауатты, ізгі қаланы барлық дене мүшелері үйлесімді қызмет ететін сау адамның денесіне балайды.

 

Екіншісі – надан адамдар. Олар өздерінің пасық, өзім­шілдік, менмендік ойларымен өмір сүреді. Қаланың өсіп-өр­кен­деуіне, тазалығына бас ауыр­тып жатпайды. Тек өзінің күн­делікті өміріне қажетті ша­руамен ғана айналысады. «Елі­мізде, жерімізде не болып жатыр, ертеңгі күніміз қалай болады?» деген ойлар мүлде алаңдатпайды. Бір күнмен өмір сүретіндер. Он­дай адамдар айналамызда көп. Басы­мыздан өткеріп жатқан карантин кезінде кейбір адамдар тиісті шараларды қабылдамай, вирусты бірнеше адамға жұқты­рып жі­берген жоқ па? Немесе ка­ран­тинді елеп-ескермей құмар ойын ұйымдастырып халықты алдап келгендер де кездеседі. Полиция, дәрігерлермен ұры­сып-керісіп аты шығып жатқан­дарды да әлеуметтік желіден күн­де көріп жүрміз. Ал жауапкер­шілігі мол, мемлекеттің қабыл­дап жатқан шараларын қолдап, тәртіпке бағынып жатқандар да баршы­лық. Ойланатын сәт. Біз кімбіз? Қандай адамбыз? Сіз Фараби айтқан қандай қаланың тұрғы­нына жатасыз?

*   *   *

Ең алдымен «философ» деген сөзді анықтап алсақ. Грек тілінен аударғанда «даналыққа құш­тарлық» деп айтамыз. Өзіміздің қазақ тарихында ешқандай ойшыл, ақын, жазушылар «фи­лософ» деген сөзді қолданбаған. Олар көбінесе «пәлсапа», «пәл» дегенді айтқан. Әрине, «философ пен пәлсапаның қандай айыр­машылығы бар, екеуі бір мағына береді ғой» дегендер табылады. Ойланып қарасақ, екі сөз екі түрлі мағына, екі түрлі дүние­таным екен. Бірақ көпшіліктің мойындағысы келмей, іштей қарсылық білдіретіні анық. Ағылшын ғалымы Карен Арм­сронг «Құдайтану» еңбегінде (әлі тірі) «Пәлсапаның негізін салу­шы түрік ғалымы Әбу-Насыр әл-Фараби» деп жазған. Ибн Сина да осындай ұстанымда.

Әбу Насыр әл-Фараби ғылым мен пәл­сапаны оқып үйрену мәселесіне арнап арнайы еңбек жазған. Ол еңбек «Пәлсапаны үй­рену үшін қажетті шарттар жайлы трактат» деп аталады. Атал­ған еңбекте Аристотельдің ғы­лымын, фило­со­фиясын мең­геру үшін қажет болатын тоғыз шартты орын­дауды ұсынады. Бірінші, фило­софиялық ағым­дардың аты-жөнін білу. Бұл жер­де Фараби өзінің түсініктемесін беріп, философиялық ағым­дар­ды тану жеті нәрседен тұратынын ай­тады. Олар: философиялық ба­ғытқа бас болған ұстаздың аты-жөнін білу, ұстаздың шық­қан қаласын білу, философияға ме­кен болған орынның аты, философиялық ағымды тудыр­ған басты себеп, философиялық талдауға түскен мәселелер, фи­лософияның алға қойған мақ­саты туралы түсінік, филосо­фияның практикалық мәні мен нәтижесі.

Әбу Насыр әл-Фараби «Ба­қытқа жол» трактатында адам­ның бақытты өмір сүруі, оған талпынуы табиғи үрдіс екенін, көбінесе адамның көңіл күйі, жаймашуақ өмірі осы дүниеде бағаланатынын айтқан. О д­ү­ниедегі мәңгілік бақыттан гөрі, тірі кезіндегі бақытқа кене­луіне аса мән берген. Бақытты сезіну үшін ең алдымен кез кел­ген адам өзін үнемі жетілдіріп, білімін толықтыруы қажет.

Көбіміз бақытты іздеп өзге елге кеткен адамдар туралы көп естиміз. «Бәлен жерде алтын бар, барсам пақыр да жоқ» деген сөз бар ғой, көптеген қандасымыз алданып қайта келіп жатыр. Ба­қытты, байлықты жасайтын адам­ның өзі, еңбегі емес пе? Қа­зіргі заман – үлкен мүмкін­діктер заманы. Соны тиімді пайдалану тек өзімізге байла­нысты.

*   *   *

Әбу Насыр әл-Фараби баба­мыз өмір сүрген заманда ешқан­дай шекара бол­маған. Ілім, білім іздеген оқы­мыстылар бүгін осы жерде, ертең басқа жерде. Фара­бидің Дамаск, Шам жеріне ба­руы­ның себебі де осында. Яғни, бабамыз көп сұ­раққа жауап таппай, білім қуып жүре берген. Менің ойымша, Мысыр еліне де барғанын сезе­мін. Ол замандарда Мысыр жері бүкіл ғұлама жина­лып, сұхбат құратын киелі ме­кен­ге айнал­ған. Өздерінің тео­рия­ларын жаса­ған. Пирамида салып, еркін ойға ерік берген. Қайнап жатқан жерде Фараби бабамыз білімін толықтырып, Грек, Араб, Мы­сыр, Шығыс ой­шылдарымен танысып, жүз­дес­кені, білім ал­масқаны шындыққа келеді. Сол себептен Фараби жаз­ған ең­бек­тер өзіміздің жерде емес, Шығыс, Еуропа жерлерінде кең тарап, сол елдерде сақталып қалған. Өздерінің еңбектерінде пайда­ланып, сұхбат жасап, сіл­темеде берген. Соған қарағанда, Еуропа ойшыл, философтары Фараби­дің ойларымен таныс болуы түсінікті.

Ойшыл еңбек­терінің түпкі мақсаты – адамдық мәселесі. Адам­ның білім, ғылым игеріп, тәрбиелі, толыққанды азамат бо­луын құптаған. Әр адамға құр­метпен қарап, өмірді құндылық ретінде бағалауды үйретеді. Білім алу, ғылымды иге­ру, ізгілікті на­сихаттау, сұлу­лықты дәріптеу – әл-Фараби дү­ниетанымындағы негізгі құн­дылықтар.

 

Рауан КЕМЕРБАЙ

 

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1206594
Пікірлер

Көрші сілтемелер