Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда карантин қай кезде күшейтілетіні белгілі болды - Aikyn.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 17:50 - 2020/06/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/qazaqstanda-karantin-qaj-kezde-kueshejtiletini-belgili-boldy/


Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева карантин шаралары қай кезде күшейтілетінін хабарлап, азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.

«Қазіргі кезде науқастардың күн сайынғы өсімі инфекцияның нақты динамикасын көрсете алмайды. Сондықтан басқа да көрсеткіштер ұсынылды. Соның бірі – репродуктивті әлеует. Ол бір науқастың инфекцияны қанша адамға жұқтыра алатынын көрсетеді. Егер осы көрсеткіш 1,3-тен жоғары немесе 1,15 шамасында болса, шектеу шараларын күшейту керек», – деді Ақтаева онлайн брифингте.

Оның айтуынша, карантинді күшейтудің тағы бір көрсеткіші – аурухана орындарының тапшылығы. Стационардағы барлық орынның 70-90 пайызы толып қалса, карантин шаралары күшейтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова стационар орындарының 90 пайызы бос емес екенін айтқан болатын.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1206512
Пікірлер

Көрші сілтемелер