Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


АҚШ азаматтары асырап алған Әсия есімді қыз Қазақстандағы әке-шешесін іздейді - Aikyn.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 14:25 - 2020/06/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/aqsh-azamattary-asyrap-alghan-aesiya-esimdi-qyz-qazaqstandaghy-aeke-sheshesin-izdejdi/


Екі мыңыншы жылдардың басында АҚШ азаматтары асырап алған Әсия Бергер есімді қазақ қызы жақындары мен ата-анасын іздестіріп жатыр. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, Талғат Алмановпен болған сұхбатта айтты.

Әсия  қазақ болғанымен өз ана тілін білмейді. Сондықтан сұхбат ағылшын тілінде өтті. 20 жастағы қыз Флорида штатында тұрады.

– Менің фамилиям – Бергер. Әкемнің аталары – немістер. Бірақ ол өзі Нью-Йорктікі. Анам Миссури штатынан. Екеуі де европоидтер. Сондықтан да біздің түр әлпетімізде айырмашылық көп болғандықтан, ата-анам маған кішкентайымнан асырап алғандары туралы түсіндіріп өсірді. Мұны ешқашан жасырмады. Біздің үйде қорапша бар еді. Онда Қазақстанға қатысты зат көп болатын. Ал кітап сөресінде қазақ елі туралы бірнеше кітабымыз бар. Олар қолынан келгенше қазақ ұлты жайында, мәдениеті туралы мағлұматтар беріп отырды. Мен үшін мұның маңызды екенін олар жақсы түсінетін.

Асия Бергер
Фото Әсияның фейсбук парақшасынан алынды

Әсияның екі бауыры, әпкесі және сіңлісі бар. Өзі студент. Джорджия штатының Savannah College of Art and Design оқу орнының студенті. Өнер саласына қызығушылығы бала кезден басталған. Сұхбатында ол Диснейлендтен 5 минуттық қашықта өмір сүргенін айтты. Маркетинг саласына қызығатыны, бірақ жаны сән әлеміне жақын екенін жеткізді.

– Мені туған әке-шешемнің аты-жөні – Қуат пен Құралай Ашкановтар. Білуімше олар Семейден. Азан шақырып атымды Алтынай Ашканова деп қойған екен. Әсия (Asia) есімді маған АҚШтағы ата-анам қойған. Олар мені 1,5 жасымда асырап алыпты. Олар асырап алу процесінің қиын болғанын айтып берген. Себебі Қазақстанда бала асырап алу туралы заң талаптары 2000 жылдардың басында көп кедергі келтіріпті. Бастапқыда ата-анам Қазақстанға ұл  асырап алу мақсатында келген. Алайда таңдаған бала қатты науқастанған, сондықтан оны алып кету мүмкін болмаған. Тағдырым болар, бұл кісілерге мен кезіктім.  2001 жылдан бастап менің өмірім жаңа отбасымда жалғасты.

Әсия әке-шешесін табуды армандайды. Қазақстанға баруды да көздеп отыр. Оған әлеуметтік желідегі жанашыр жандар қолдау білдіреді деген үмітте.

– Өзім оңашада туған анам туралы жиі ойлаймын. Өткен жолғы туған күнімде анамды ойлап көңілім түсіп кетті. Мен оның не үшін осындай қадамға барғанын түсінгім келеді. Ол қызының туған күнін білмесе де, өзінің босанған күнін білуі керек деп ойлаймын. Егер  мен ана болсам қызымның туған күнінде жанынан табылуды қалар едім. Осындай сәтте құлазимын. Білуімше мен олардың екінші баласымын. Бауыр еті балаңды бөтенге беру өте ауыр сезім. Егер біз бір-бірімізді көретін болсақ, одан сондай қиын сәтті бастан өткергені үшін кешірім сұраймын әрі рақметімді айтамын. Өйткені сол сәттің арқасында мен жаңа отбасын таптым. Қазір мен керемет өмір сүріп жатырмын.

Сұхбат соңында Талғат Алманов барша көрерменнен Әсияға көмектесуді сұрап, репост жасауға шақырды.

РЕПОСТ ЖАСАУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ!!!2000-шы жылдары Қазақстаннан асырап алынған Америкалық Асия Бергер жақындары мен ата-анасын іздеуде. Қазақстанға барып, жақындарымды тапсам деп армандайды. Сұхбат ағылшын тілінде өтті.

Опубликовано Talgat Almanov Среда, 27 мая 2020 г.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1206301
Пікірлер

Көрші сілтемелер