Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бас мүфти облыс әкімімен өңірдегі діни ахуалды талқылады (ФОТО) | muslim.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 13:30 - 2021/02/19

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/news/bas-mufti-oblys-akimimen-onirdegi-dini-akhualdy-talqylady-foto





Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ресми сапармен Маңғыстау облысына барды.

Жұмыс сапарының жоспарына сәйкес Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыс әкімі Серікбай Трұмовпен кездесіп, өңірдегі діни ахуалды талқылады. Кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысты.

Кездесуде облыс әкімі Серік Трұмов: «Құрметті Бас мүфти! Киелі өңір Маңғыстауға қош келдіңіз. Қадамыңыз құтты, сапарыңыз оң болсын! Өткен жылы өзіңізбен Ержан хазірет мешітінің іргетасын қаладық. Қазір мешіт құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Біз әрқашан игі бастамаларыңызды қолдаймыз. Дін кадрларының әлеуметтік жағдайына біз де көңіл бөліп отырмыз. Бұл бағытта ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жалғастыра береміз» деді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Серік Өтелгенұлына алғысын білдіріп: «Біз жыл басында жеті жұмыс бағытымызды бағдарлап алдық. Соның бірі – рухани тәрбие ихсан ілімі. Өскелең ұрпақтың тәрбиесін түзеп, болашағына бағдар сілтеу – баршаға ортақ іс. Біз жастардың рухани тәрбиесіне үлес қосу мақсатында Ихсан ілімі, Кемел адам туралы кітабымызды әзірлеп жатырмыз. Аллаға шүкір, өткен жылы мемлекет қамқорлығымен Діни басқарманың оқу орындарына 1319 білім гранты бөлінді. Бұл – дәстүрлі діни оқу-ағарту саласы үшін үлкен қолдау. Сіз де біздің имамдарға әрқашан жанашырлық танытып отырасыз. Алла разы болсын. Ендігі мақсат – жастарға дұрыс діни мағлұмат беру. Біз мұны әрқашан назарда ұстаймыз» деді.

Басқосуда тараптар аймақтағы діни ахуалды сөз етіп, деструктивті ағымның арбауына іліккен азаматтарға түсіндірме жұмыстарын күшейтудің маңыздылығына назар аударды. Бас мүфти кездесуде өткен жылы Маңғыстау облысында баспанаға аса мұқтаж 9 отбасыға пәтер кілті және өңір тұрғындарының игілігі үшін 12 құдық пайдалануға берілгенін, бір жыл ішінде 20 мыңға жуық жанұяға көмек көрсетілгенін атап өтті.

Айта кетсек, бүгінде Маңғыстау облысы бойынша 33 мешіт бар. Құлшылық үйлерінде 120 имам-ұстаз қызмет етеді. Аймақта 5 мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша осы жылы 3 мешіттің құрылысы аяқталады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1357152
Пікірлер

Көрші сілтемелер