Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Үстел теннисі құмар ойынға жата ма? | muslim.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 11:30 - 2021/02/19

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/questions/view/1127





Сəлеметсіздерме, менің атым Сүндет, Шымкент қаласынанмын. Бір сұрағым бар еді, үстел теннисі құмар ойынға жата ма?


Жауап

Үстел теннисі (Пинг-понг) – белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі. Егер қарсылас арнайы допты үстелден тыс жерге асырса немесе сіздің алаңыңызға түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай ала аласыз[1]1926 жыл - Аталмыш спорт түрінен алғаш рет әлем чемпионаты өтті. 1952 жыл - Жапондық Хиродзи Сато жаңалық ашып, резинамен қапталған ракеткамен сайысқа түсіп әлем чемпионы атанды. 1988 жыл - Үстел теннисі 1988 жылғы Сеул Олимпиадасына алғаш рет Олимпиадалық спорт түрі болып енді. Үстел теннисі– спорт ойының халал түріне жатады. Дене қимылына және көзге пайдасы зор. Ең бастысы – ақша тігіп ойнамау керек. Екінші, уақытты ысырап етпеу керек. Үшіншіден, ойнайтын жер халал мекен болуы тиіс. Теннис үстелі казино, арақ-шарап ішетін лас жерде болмауы тиіс. Ондай жерде ойнау дұрыс болмайды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1357052
Пікірлер

Көрші сілтемелер