Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Құбылаға теріс отыруға бола ма? | muslim.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 16:00 - 2021/02/18

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/questions/view/1126





Ассаламу алейкум! Мешіт ішінде құбылаға тарапқа теріс отыруға бола ма?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Мешіт ішінде құбылаға қарап отыру – мұстахап амал. Ал, оған мүмкіндік болмаса, кез келген тарапқа қарап отыруға болады. Тек құбылаға арқа тұсымен отырмағаны жөн.

Өйткені, бұл – құп саналған отырысқа теріс. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Расында, әр нәрсенің төресі бар. Мәжілістің төресі – құбылаға қарап отыру[1]», – делінген.

Ибн Масғұд (р.а.) мешітте құбылаға арқа тұсын сүйеп отырған адамдарды көргенде, оларға: «Періштелер мен намаздарыңның арасына тұрып алмаңдар[2]», – деген екен.

Әрине, сахаба Абдулла бин Масғұд (р.а.) мұны Алла елшісінің (с.ғ.с.) тәлімінен көріп-біліп айтып тұрғаны мәлім.


[1] Табарани.
[2] Табарани.

Руслан Камбаров


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1356441
Пікірлер

Көрші сілтемелер