Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жаңа қонысқа кіргенде не істеуге кеңес бересіздер? | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 12:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/questions/view/1058





Ассаламу алейкум! Жаңа үйге кірген қоныс иелері шаңырақта берекет болуы үшін шариғат бойынша қандай амал жасағаны дұрыс?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Жаңа қонысқа кіргенімізде ағайын-туыстар мен көрші-қолаңды шақырып, дастарқан жаю қазақи дәстүріміз. Бұл шариғат бойынша шақырылғанда бару мұстахаб болып табылатын бес той-томалақтың қатарына жатады. Шариғатта бұл қонақ асын уәкира деп атайды. Уәкира – үй құрылысы бітуіне орай жайылған дастарқан. Сонымен бірге, төмендегідей амалдарды жасаған жөн:

1. Шаңыраққа кіргенде дұға оқу. Хадисте риуаят етілген дұға мынадай: «Әъузу бикәлимәтил Ләһи әт-тәммә мин шәрри мә холәқ» (мағынасы: Алла жаратқан барлық мақұлықтардың зиянкесінен Алла Тағаланың барша сөздерімен пана сұраймын). Хаулә Хакимқызы (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім бір үйге кіретін болса, «Әъузу бикәлимәтил Ләһи әт-тәммә мин шәрри мә холәқ» деп айтсын. Міне, сонда ол жерден көшіп кеткенше ешбір зияндық көрмейді[1]», – деп айтылған.

2. Бақара сүресін оқу. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Үйлеріңді бейіт сияқты етіп жібермеңдер. Шындығында, Бақара сүресі оқылған шаңырақтан шайтан қашады[2]», – деп айтылған.

3. Таңертеңгілік және кешкі дұғаларды оқып жүру;

4. Аманшылық болсын әрі түрлі зиянкестен сақтасын деген ниетпен садақа беру және нығметтер үшін Жаратқанға шүкіршілік ету.

 


[1] Муатта
[2] Муслим


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1335320
Пікірлер

Көрші сілтемелер