Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада «Мәңгі мұғжиза» атты Құран жарысы өтті (ФОТО+ВИДЕО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 12:45 - 2020/10/17

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/news/elordada-mangi-mugzhiza-atty-quran-zharysy-otti-foto-video





Елордадағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінде «Мәңгі мұғжиза» атты Құран жарысы болып өтті. Жарысқа «Нұр-Сұлтан» қаласы өкілдігінің 12 мешіті арасынан іріктелген 12 шәкірт қатысты.

ҚМДБ 30 жылдығының аясында өткен бұл шарада қатысушылар Құранның 30-парасының 30 сүресінен жатқа оқу, тәжуид ережелері мен Құран жайлы сұрақтарға жауап беріп, өзара бақ сынасты.

«Әуелі аят, хадис – сөздің басы, Қосарлы бәйіт-мысал келді арасы. Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын Пайғамбар мен оны Алласы...», - деп Абай атамыз жырлағандай алдымен Құран оқумен басталған шараның алғысөзін Заңқоев Қалижан ұстаз сөйледі. Ол өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Шараға төрелік етуге республикалық азаншылар сайысының Бас жүлдегері, «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерлан Базарбайұлы, «Ғылмани» мешітінің ұстазы Нуриддин Абдусамадұлы, «Раиса Ана» мешітінің қариы Абдуали Шахиданиұлы арнайы шақырылды. Әділқазылардың шешімімен Бас жүлде «Әл-Ғани» мешітінің шәкірті Бекарыс Баймұратұлына, 1-орын «Нұр-Астана» мешітінің шәкірті Бектас Жеңісұлына, 2-орын «Раиса Ана» мешітінің шәкірті Сабырбек Ықыласұлына және 3-орын «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірті Дінмұхаммед Сейітханұлы бұйырды.

Шәкірттердің ынтасын арттыру және жалпы жамағатты Құран оқуға қызықтыру ниетімен Бас жүлдеге смарт-телевизор TCL 40D, 1-орынға телефон REALME C11, 2-орынға планшет OPPO A1k және 3-орынға сапалы кілем сынды сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, әрбір қатысушыға ынталандыру сертификаттары мен қаржылай сый-сияпат жасалды. Бұл жарыстың ерекшелігі республикалық дәрежедегі жарыстарға қатыса алмаған мешіт шәкірттерін өзара қала көлемінде жарыстырып, бақ сынату еді. Әл-Фараби бабамыз «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» дегеніндей, негізгі мақсатымыз – шәкірттерді Құранды жаттап, оқып қана қоймай, оның дұрыс-бұрысын дүбірлі додада тексеріп көруге талпындыру.


 

Дереккөз: UMMET.KZ


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1282284
Пікірлер

Көрші сілтемелер