Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Нұр Астана» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 14:00 - 2020/10/14

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/news/nur-astana-meshitinde-qayiyrymdylyq-sharasy-otti-foto





Елордадағы «Нұр Астана» мешітінде Әбдірахпан (Әбдеш) қажы Іңкәрбекұлының рухына бағышталған қайырымдылық шарасы өтті.

Ас та төк дастархан жайып ысырап етпей, орнына әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың алғысын алуды ниет еткен азаматтар «Нұр Астана» мешітінің ұжымымен бірлесіп қайырымдылық жасады. Санитарлық талаптарға сай өткізілген шараға алдын-ала тіркелген 30 отбасы шақырылды.

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Берікбол Жанақ оларға ізгі амалдың мән-мағынасы мен сауабын түсіндірді. Риза болған мешіт жамағаты алғыс айтып, тарқасты.

Қайтқан кісінің артынан ізгі амал істеп, сауабын бағыштау – артында қалған ұрпаққа сын. «Өлілерді разы ету үшін» тірілерге қолғабысын тигізу керектігін түсінген азаматтар қатары көбейіп келе жатқаны қуантады.

Дереккөз: ummet.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1279916
Пікірлер

Көрші сілтемелер