Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бас мүфти Әбіш Кекілбаев музейіне барды (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 12:00 - 2020/10/13

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/news/bas-mufti-abish-kekilbaev-muzeyiine-bardy-foto





Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына сапары барысында Ақтау қаласында орналасқан Әбіш Кекілбаев атындағы өлкетану музейіне ат басын бұрды.

Бас мүфти осы өңірден шыққан біртуар азаматтың бағындырған шыңы, еліміздің саяси өмірінде атқарған рөлі және нағыз талантқа тән қайталанбас тағдырымен танысты.

«Әбіш ағамыз турасында қаламдастары да мойындап, ол кісіні қашанда сергек, қашанда сезімтал, бәйгенің алдынан ғана келетін тұлпарға ұқсатқанын баршамыз білеміз. Өткенде ғана Елбасы дәл осы мұражайға келіп, жоғары бағасын берген болатын. Бүгін бізге де осы музейге келу нәсіп болыпты. Аллаға шүкір деймін. Әбіш ағамыз шынында әдебиет пен қоғамдық, мемлекеттік жұмыстарда өзінің биік қарым-қабілетін көрсете алған үлкен абыз ағамыз еді. Жатқан жері жайлы болсын», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1279256
Пікірлер

Көрші сілтемелер