Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Құран оқылғанда немесе оқып жатқанда тамақ жеуге бола ма? | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 14:30 - 2020/10/12

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/questions/view/983





Ассалаумағалейкум! Менің сұрағым: Құран оқылғанда немесе оқып жатқанда тамақ жеуге бола ма?


Жауап

Уағалейкумассалам!

Құран оқып отырып ішіп-жеуді елестетудің өзі қиын. Алайда оқу арасындағы үзілісте ішіп-жеп алуға болады, бірақ Құран оқумен қатар ішіп-жеу мүмкін емес. Тамақ жегенде сөйлеудің өзі қиынға түссе, ал оның қасында құран оқып, онымен қоса ішіп-жеу сөздердің қате шығуына алып келеді.

Құран тыңдау парыз-кифая (мұсылман жамағаттың міндеті) болып табылады. Егер адам көп жиналған жерде Құран оқылса, онда жарты адамдар тыңдап, ал қалған жартысынан тыңдау міндеті алынады. Құдайы тамақтарда Құран оқылғанда ішіп-жеуді доғара тұрып, тыңдау керек. Алайда басқа қолы бос емес адамдардың қасында Құран оқуға болмайды.

Бұл жерде басқа іспен айналыспай, Құранды мұқият тыңдау маңызды болып табылады.  Ал ішіп-жеу бөтен іс болып саналады. Егер адам өз ісімен айналысып жүріп, Құранның аудио жазбасын тыңдауында тұрған еш әбестік жоқ.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1278636
Пікірлер

Көрші сілтемелер