Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Биыл Құрбан айт қалай өтеді? | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 18:00 - 2020/07/28

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/news/biyl-qurban-ayit-qalayi-otedi





Алла қаласа 31 шілде мен 2 тамыз ара­лығында елімізде Құрбан айт мерекесі өтеді. Биылғы Құрбан айтта елдегі пандемияға байланысты жылдағыға ұқсамайтын біраз өзгешеліктер болғалы тұр.

Биыл тұңғыш рет онлайн құр­бан шалу жобасы қолға алынды. Осы бағытта wuww.qurban2020.kz сайты іске қосылды. Жаңа сайт қалай жұмыс істейді?

Онлайн құрбан шалу несімен ерекшеленеді? Пандемия жағдайында Құрбан айт мерекесі қалай өтеді? Құрбандыққа шалынатын мал қандай болуы керек? Осы және басқа да сұрақтарға ертең, 29 шілде күні сағат 21:00-де ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері жауап береді.

«Құрбан айт – ұлық мереке» атты сұрақ-жауап форматындағы онлайн кездесуді Діни басқарманың youtube және instagram каналдарынан көруге болады.

Тікелей эфирді тамашалап, сұрақ қойыңыз. Келе жатқан Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1229131
Пікірлер

Көрші сілтемелер