Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ҚМДБ «Зекет» қоры ауруханаларға 255 дана оттегі желдеткішін табыстады | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 19:30 - 2020/07/24

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/news/qmdb-zeket-qory-aurukhanalarga-255-dana-ottegi-zheldetkishin-tabystady





Бұл туралы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

–Біз ел басына күн туғанда асарлатып, жылу жинап, қайырымдылық ісінде шет қалмаған халықпыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қоры «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын ұйымдастырып, жамағат пен демеуші азаматтардың көмегімен 255 дана оттегі желдеткішін еліміздегі ауруханаларға жеткізді. Діни басқарманың мұрындық болуымен 200 000-нан астам отбасыларға азық-түлік, 42 000-нан астам медициналық бетперделер таратылды, - деді Бас мүфти.

Бұған дейін аталған баспасөз брифингінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының биылғы құрбан шалудың ерекшелігіне тоқталғанын хабарлаған болатынбыз.  

 

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1227180
Пікірлер

Көрші сілтемелер