Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Балиғат жасы дегеніміз қай жас? | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 14:00 - 2020/06/25

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/article/baligat-zhasy-degenimiz-qayi-zhas





Бойынан балиғат белгісі (етеккір мен мәни) байқалған күннен бастап қыз бен ұл балиғат жасына толған болып есептеледі. Ал, егер бұл белгілер кешеуілдеп жатса, онда жоғарыда баяндағанымыздай, көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша 15 жасынан бастап балиғатқа толған болып саналады. Балиғат жасына толған бала балалық шақтан шығып, толығымен ересек кісілердің қатарына қосылады. Ислам діні бойынша, балиғат жасына толғаннан бастап ол өз бетінше шешім қабылдай алады. Дербес жұмыс бастап, келісімшарттар жасасуына да болады. Салық төлеуге міндеттеліп болып, қылмыс жасаса, жазасын толық өтеуі тиіс деп есептеледі. Балиғат жасына жеткен бала үшін бес уақыт намазын үздіксіз оқуы, ораза ұстауы, қаражаты жеткен жағдайда зекетін беріп, қажылыққа баруы парыз болып саналады. Отан алдында борышын өтеуі үшін, әскер қатарына алынады. Әке-шешесінің бөлмесіне рұқсат сұрап кіруі міндеттеледі. Жанұяның күн көрісі нашар болса, әке-шешесіне, қыз бауырлары мен балиғат жасына толмаған інілеріне қарау да мойнына жүктеледі. Осы орайда, иісі мұсылман ата-бабамыздың «Болатын бала он бесінде «баспын» дейді, болмайтын бала отызында «жаспын» дейді» деген тәмсілі ойға оралады.

Жетім бала осы уақыттан бастап жетімдіктен шығады. Яғни, үлкен кісілерге парыз амалдардың бәрі балиғат жасқа толғандардың бәріне парыз болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Үш адамға қалам жазылмайды (яғни мына үш адам жауапқа тартылмайды): балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатқан адамға»[1]. Демек, бала үшін айтылған «қалам жазылмайды» деген ұстаным балиғат жасынан бастап өз үкімін жояды. Сахаба Әнәс ибн Малик (р.а.) өзінің балиғат жасы жайлы былай дейді: «Ихтилам (мәнидің сыртқа шығуы) болған түннің ертесіне таңертең Пайғамбарымызға барып жағдайымды айттым. Ол маған: «Енді әйелдердің ортасына кірме» − деп бұйырды...».[2]

 


[1] Бухари, Талақ, 11; Әбу Дәуд, Худуд, 17
[2] Табарани, әл-Мужәмус-Сағир, 1-т., 94-б.

Дереккөз: muslim.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1207886
Пікірлер

Көрші сілтемелер