Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бас мүфти ақ халатты абзал жандарға айрықша алғыс білдірді | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 13:30 - 2020/06/22

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/news/bas-mufti-aq-khalatty-abzal-zhandarga-ayiryqsha-algys-bildirdi





«...Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық...» («Мәида» сүресі, 32-аят).

Медицина – жауабы мен сауабы мол сала. Қасиетті Құранда айтылғандай, бір адамның өмір сүруіне себепші болған пенденің ізгі амалы бүкіл адамды өлімнен құтқарумен тең...

Адамзатты қауіп-қатерден құтқарудың алғы шебінде ақ халатты абзал жандардың жүргенінде талас жоқ. Әсіресе елімізде төтенше жағдай жарияланған сындарлы сәтте медицина қызметкерлері өз өмірлерін қатерге тігіп, отбасынан жырақтап, апта емес, айлап емдеу шараларында белсенділік танытып келеді. Жауапты саланың кейбір мамандары қызмет барысында жұқпалы дертті жұқтырып та алды. Өзгелердің өмірі үшін өз басын бәйгеге тігу деген осы болар...

Мол сауапқа кенелу оңай жолмен келмейтіні белгілі. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында адам жанын сақтау сынды сауапты істе бар күш-жігерін сарп етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға тағы да айрықша алғысымды білдіремін. Алла Тағаладан өмірлеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Жаратқан Жаббар Иеміз ел игілігі мен халық денсаулығын сақтау жолындағы сауапты қызметтеріңіздің жақсылығын еселеп жазғай. Еліміз осы сынақты да сабырмен еңсеріп, қалыпты өмір тіршілігінде, игі істерде басқосуды жазғай. Әмин!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1205479
Пікірлер

Көрші сілтемелер