Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-14966289847 %53 %

Әйел жамағаты «Берекелі жұма» насихат дастарханында бас қосты (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 12:45 - 2019/11/09





Кешегі өткен қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты үшін айрықша болды. Бас мешіттің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен жұма намазынан кейін «Берекелі жұма» атты насихат дастарханы жайылып, жамағат арасын жылытқан келелі отырыс өтті.

Насихат сабағы барысында ұстаз Динара Құттықожақызы «Қызым, саған айтам...» тақырыбында әйел жамағатына қажетті кеңестермен бөлісіп, Ислам дінінің бұйрықтары мен тыйымдарымен таныстыра өтті. Ақ жаулықты әжелерімізден бастап, түрлі жастағы қыз-келіншектер бұдан соң ақ дастархан басында бас қосып, бір үйдің балаларындай бауырмалдықпен біріге түсті. Еркін отырыс үстінде бір-бірімен етене танысып, біріне өзіне ақылшы әпке, енді бірі құрбы тапқан әйел жамағаты Жұма күнінің мерекелік әсеріне бөленіп қайтты.

Айта кетейік, «Берекелі жұма» насихат дастарханың «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен ай сайын өткізіліп тұратын болмақ.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1069847
Пікірлер

Көрші сілтемелер