Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-148222243 %57 %

Сириядан оралған балалардың ойыны үрей туғызады | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 11:45 - 2019/10/10





Сириядағы соғыс отын көрген балалар ауыр психологиялық жарақат алып оралғаны белгілі. Осы орайда сол балалардың мінез-құлқы туралы теолог, дінтанушы, Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты, республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Серікжан Еншібай айтып берді.

Теологтың айтуынша, бұл балаларды қалыпты қоғамға қайтару үшін жылдар бойы кешенді психологиялық жұмыс қажет. Сирияға барғандардың көпшілігі радикал сәләфизм ұстанымын ұстанады.

«Туғалы радикал сәләфизм бағытында тәрбиеленген балалар тіпті өздерінің әке-шешесінен қауіптірек. Егер ол дінге 20 жаста, мектептен кейін кеп жатса, ол адамды қоғамға қайтару оңай. Ал радикал сәләфиттік бағыттағы отбасында ой еркіндігі шектеледі. Олар екінші, болуы ықтимал, балама бағыттарды мүлде қарастырмайды. Зерттеп, талдау, анализ деген тіпте жоқ. Балалар да сол тәрбиемен өседі. Болашаққа өте қауіпті болуы мүмкін. Мемлекет баса назар аударуы керек. Балалармен көбіне психолог мамандар жұмыс жасаса, нұр үстіне нұр болар еді», — дейді Серікжан Еншібай.

Дінтанушының айтуынша, Сирияда бастан кешкен өмірі баланың ойынынан да көрініс табады. Ол практикада мұндай оқиғалармен жиі кездескен.

«Сириядан келген балалардың ойын ойнап отырғанын қарасаңыз, ойға қаласыз. Олар қуыршақтың басын кесіп, аяғын сындырып, бауыздап ойнайды. «Атып өлтіремін» деген сөзді айтады. Оны айтқан балада жазық жоқ. Ол нені көрді, нені естіді – соны істейді. Бірақ, баламен жұмыс жасау оңай. Ойындарын қайта өзгертіп, басқа нәрселермен қызықтыру сынды кешенді амалдарын табу керек», — дейді ол.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова хабарлағандай, бүгінде 506 бала Сириядан қайтып келді. Қазіргі таңда елімізде жасөспірімдерді қолдауға арналған 15 әлеуметтік-психологиялық, құқықтық орталық жұмыс істеп тұр. Оларда стационарда тәулік бойы 14 баласымен 4 ана жатады. Қалғандары – күндізгі стационарда. 254 балдырған мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Яғни, олар балабақшаларға барып жүр. Мектептерде 153 бала оқып жатыр. Сондай-ақ, тұл жетім қалған 33 бала арнайы мекемелерге таратылды. Арасында сол жақта туған, қазақша, орысша мүлде білмейтін аралас некеден туған балалар да бар. Қазір олармен мектеп психологтары жұмыс жасап жатыр.

Kazislam.kz
 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1058061
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


СҚО-да азық-түлік бағас 8 min
Роза Мұқанова | Әдебие 29 min
Грузияда нан фестивалі 29 min
Жаңаөзенде бизнеске қол 1 sagt
Қарағандыда дәмхананы « 1 sagt
«Алтын тұлпар» республи 1 sagt
Хамит Ерғалиев | Әдеби 1 sagt
Қазақстандық сәнгерлер 1 sagt
Үйінде темекі тартқан о 1 sagt
СҚО-да егін алқабының 9 1 sagt
Елордада әйелдерге арна 1 sagt
Дүйсенбіге арналған ауа 1 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 1 sagt
Атырауда ІТ саласының м 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Әбішев ісі. Адвокат не 2 sagt
Елизат Аязбек самбодан 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Ата-ананы құрметтеу – А 2 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 3 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 3 sagt
Қазақстандық Италиядағы 3 sagt
Измениться ли вода, есл 4 sagt
Қызылордалық кәсіпкер ү 4 sagt
Бүгін Қазақстанда екінш 4 sagt
АҚШ боксшысы жекпе-жект 4 sagt
Семейлік өз әйелінің ат 4 sagt
Алматыдан 470 шақырым қ 4 sagt
Қазақстан құрамасы Нұр 5 sagt