Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23000 %100 %

Әйел жамағатына әлеуметтік көмек көрсету жайында семинар өтті (ФОТО | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 17:30 - 2019/10/07





Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел жамағатына арналған «Әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Нұр-Сұлтан  өкілдігі Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткізілген семинар барысында Бас мешіттің әйел шәкірттері мен жамағатымен жауапты мекеме өкілдері арнайы кездесіп, әлеуметтік көмек ережесі мен ерекшеліктері жайлы толғымыен түсіндірді.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Жексембина Ардақ Төлегенқызы қатысушыларға жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту тақырыбында толық түрде кеңес беріп, көптеген жеңілдіктер мен еліміздегі жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын қызмет түрлерімен таныстырды.

Сондай-ақ, «Жанұя» отбасылық институтының Алматы аудандық кеңесшісі Баянды Мақсат  әлеуметтік көмек түрлері жайлы көптеген мәліметтер айтып,  атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат бөлісті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1056821
Пікірлер

Көрші сілтемелер