Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қасиетті жұма күні қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 14:00 - 2019/10/04

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/news/qasietti-zhuma-kuni-qayiyrymdylyq-zharmenkesi-otti-foto





Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Мейірімділік мекені» атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Бас мешіттің шәкірттері мен жамағатынан құрылған «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан жәрмеңке саудасы бұл жолы да қыз-қыз қайнап, жамағаттың ризашылығына бөленді.

Тәтті тағамдардың түр-түрін жайнатып, жамағатты жылы шыраймен қарсы алған «Инабат» клубының қыз-келіншектері сауапқа толы сауданы қыздыра түсті. Қолдан дайындалған тәтті тағамдармен қоса, жамағатқа рухани кітаптар, дәрілік майлар мен қосындылар, түрлі әшекей заттар мен киім-кешектер де ұсынылып, жәрмеңке саудасын жан-жақты жүргізілді.

Айта кетейік, қалыптасқан дәстүрге сай жәрмеңкесден түскен қаражат түгелдей қайырымдылық шарасына жұмсалатын болмақ.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1055933
Пікірлер

Көрші сілтемелер