Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1825179630 %70 %

Елорда мешіттерінің әйел ұстаздарына арналған семинар өтті (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 17:30 - 2019/10/03





Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласындағы әйел ұстаздарға арналған екікүндік семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Елорда мешіттерінде қызмет атқаратын әйел ұстаздардың біліктілігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинар жұмысы аясында теріс ағымдарға қарсы күрес шаралары, дәстүрлі Ислам құндылықтары мен отбасы бақытын насихаттау жұмыстары, т.б. тақырыптар қозғалып, білікті мамандардың кеңесіне қанықты.

Семинардың бірінші күні әйел ұстаздарға «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің бас имамы, белгілі теолог Нұрлан Рамазанов теріс ағымдар жайлы дәріс оқып, эктремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізудің тетіктері мен жолдары жайлы түсіндірді.

Екі күнге созылған семинар аясында әйел ұстаздарға әлеуметтік желіні пайдалану әдебі мен қосымша артықшылықтары жайлы да айтылды. Ғаламтор желісіндегі дін насихатын дамыта түсудің түрлі тетіктері көрсетіліп, қатысушылар үшін қажетті мәліметтер берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1055557
Пікірлер

Көрші сілтемелер